Quantcast
Channel: nationalgeographic.kz
Viewing all 1603 articles
Browse latest View live

Көзтартар

$
0
0

Мексика 

Мичоакан штатындағы ормандардың бірі. Климат өзгерісі мен төпелеп жауған көктем жауыны енді ғана қанат қаққан 9 миллион монарх көбелегін қырып тастады. Жаңа түскен жұқа қардың беті кілем іспетті.

«National Geographic» суреттеріне NationalGeographicArt.com сайтында тапсырыс бере аласыз.

ФОТО: ДЖЕЙМИ РОХО


1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

$
0
0

1 желтоқсан күнтізбеге қызыл белгімен енгеніне биыл алты жыл толып отыр. Себебі бұл күн – әлем тарихында тәуелсіз Қазақ елінің іргетасын қалап, шекарасын шегендеген Елбасының ел алдындағы сіңірген еңбегіне құрмет ретінде белгіленген.

КСРО күйреген өліара шақта, жерінің тұтастығын сақтап қана қоймай, ел ішіндегі татулық пен бірлікті дұрыс жолға қоя білген және тәуелсіздігімізді баянды ете алған Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. Сондықтан бұндай күнді мемлекеттік деңгейде атап өтілуі заңды да.

Тарих беттерін парақтар болсақ, Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста ұлт тарихындағы жаңа дәуір дәл осы 1 желтоқсаннан бастау алады. Өйткені, дәл сол күні, Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы өткен жалпыхалықтық сайлауда 98,7 пайыз дауыс жинап, Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған болатын.

«Президент күні» ойдан шығарылған мереке емес. Ондай күн АҚШ-та да тойланады. Штаттар елінде Президент күні ХІХ ғасырдан, яғни 1880 жылдан бастап, 22 ақпан күні атап өтіледі. Себебі ол күн халқының болашағы үшін өлшеусіз үлес қосқан Джордж Вашингтонның туған күні.

Тұңғыш Президент күні елімізде көптеген шара ұйымдастырылып, мейрам ретінде тойланады.

Фото: akorda.kz

Ішіп-жеңіз, бірақ байқаңыз!

$
0
0

Кэтерин Цукерман

Өмір «алма жеген ауырмас» деген мақалдағыдай қарапайым болса ғой! Кливлэнд емханасының аға қыз­меткері, физик Майкл Ройзен осы суреттердегі тағам түрлерінің кейінгі 25 жылда 20-дан астам ғылыми жұмыстың тақырыбы болғанын айтады. Неге? «Олардың пайдасы орасан, кейбірінің тіпті зияны болса да жаппай тұтынылады», – дейді ол.

АҚШ-та анар мен пісте басты назарда. Себебі оларды зерттеуге, өндірісі мен сатылымына кейбір компаниялар қомақты қаржы бөледі. «Алайда ондай демеушісі бар зерттеулер нағыз шындықты бұрмалауы бек мүмкін», – дейді Ройзен. Мәселен, National Dairy Council коммерциялық емес ұйы­мында йогурт, ірімшік және басқа да сүт өнімдерінің артықшылықтарын кеңінен жарнамалауға мүмкіндік беретін «өте үлкен маркетингтік құралдары бар». Алайда осы кезге дейін денсаулыққа пайдалы саналып келген сүт өнімдерінде «лецитин» деп аталатын қоспа бары белгілі болды. Ал ол ішек бактериясымен қосылғанда ауруды қоздыратын және арты қатерлі дертке әкеп соғатын зиянды триметиламин қоспасын шығарады. Жұмыртқа сарысының құрамында да лецитин бар, сондықтан Ройзен оны аз қолдануға кеңес береді.

Ройзен құрамында көміртегі аса жоғары май, ірімшік және ет сияқты тағамдардан бас тартуға кеңес береді. Ал ең көп зерттелген қызыл шарап пен тазартылған экстра-класс зәйтүн майы ет пен сүт өнімдерінің зиянды әсерін жеңілдететін қасиетке ие. Десе де, алкогольдің денсау­лыққа зиян екенін, ал зәйтүн майының калориясы өте жоғары екенін естен шығармаған абзал.

«Қалай болса да ең дұрысы – сезімге емес, ғылымға сүйену», – дейді Ройзен. Көкөністер мен балыққа мән берген жөн.  Қара кофе ішіңіз (бұл бауырға пайдалы). Үнемі және аз мөлшерде жаңғақтың түр-түрін жеңіз. Десерт үшін қара шоколадты да бір тістеу артық етпейді.

Ес-ақылдың есендігі үшін

$
0
0

1960 жж. Роршах сынағы көп талқыланды. «Адамдар түсіне бермейді. Мәселе не көріп тұрғаныңызда емес, қалай көріп тұрғаныңыз­да», – дейді Силс.

Нина Строчлик

1917 жылы Швейцариядағы шағын қалалардың бірінде психиатр Херманн Роршах мидың қалай жұмыс істейтінін анықтау үшін ақ қағазға бояу шашып, адамдардан не көріп тұрғанын сұрайды. Осының арқасында ол шизофренияға шалдыққандар арасында ұқсастықты байқаған. Сөйтіп, Роршах ақпаратты визуалдық қабылдау арқылы психикалық саулықты анықтауға болатыны жөнінде тұжырымдама жасады.

Роршахтың түпнұсқа 10 суреті 1921 жылы – оның өлімінен бір жыл бұрын жарияланды. Чикагоға әкелінгеннен кейін олар болмысты анықтайтын тест ретінде АҚШ-қа тез тарады. Өткен ғасырдың екінші жартысында Фрейд талдауы секілді үрдістерге қызығушылық төмендегенде, жоғарыдағы сынақ жалған ғылымның синониміне айналды. Сыншылар оны қолдануға тыйым салуды көздеді. Алайда 2013 жылы Америка психологтар қауымдас­тығы жариялаған үлкен зерттеуде бұл бұрынғы психологиялық ауруларды анықтайтын әдістерге қарағанда әлдеқайда нәтижелі екені анықталды.

Роршах карталары мен олардың науқасқа көрсетілу реті ешқашан өзгерген емес. Психологтар карталарды диагностикалық құрал ретінде сақтап қалу үшін клиникалық жағдайдан тыс уақытта көрсетуді қаламайды.

Ғылыми тартыстарға қарамастан, Роршах сынағының Америка мәдение­тінде өз орны бар. Силстың айтуынша, ол «XX ғасырдағы ең көп тексерілген сурет болуы мүмкін».

Арамшөп пе, адал шөп пе?

$
0
0

Кептірілген алқызыл бұрыш гербарийі – Эмори университетіндегі өсімдік үлгілері коллекциясының құнды жәдігері.

А.Р. Уильямс

Алқызыл бұрыш – АҚШ-тың оңтүстігіндегі «басқыншы» өсімдік. Ол зерттеушілердің антибиотиктерге төзімді бактериялық инфекциялармен күресуіне орасан зор көмекші болып отыр. Ғалымдар оның Оңтүстік Американың дәстүрлі медицинасында қолданылғанын тарихи деректерден білді. Жараларды жазуға қолданылған өсімдікке тәжірибе жасай отырып ғалымдар стафилококк бактериясының улы түрін бейтараптандыратын сығынды жасап шығарды.

Заманауи антибиотиктер бактерияны өлтіріп тастайды. Алайда кей бактериялық жасушалар тірі қалып, тойтарыс көрсету қасиетін өздерінің «ұрпағына» беріп, науқастардың өміріне қауіп төндіретін жабысқақ індеттерге қарсы дәрігерлердің күресуін қиындатып жіберді. Алқызыл бұрыш инфекцияларға қарсы ерекше әдіс қолданады. Ол бактерия­лық жасушалардың байланысына тосқауыл қойып, тін бүлдіретін уыттың алдын алады. Бұл өз кезегінде ағзаның иммундық жүйесінің бактерияға қарсы қорғанысын күшейтеді. «Зиянкестердің соңына түсудің тәсілін өзгерттік, – дейді Эмори университетінің этноботанигі Кассандра Куавэ, – бұл – індетпен күрес жолындағы жаңаша ойлау әдісі».

Куавэнің мақсаты – мұндай жаңалықты жалпы медицинада қолдану. Қазір ол сығындыны созылмалы жаралармен, стафилококк бактериясы әсерінен туындайтын қышымаға және басқа да тері ауруларымен күресу үшін сықпа түрінде қолдануды жоспарлап отыр. Сондай-ақ ол өзінің көмекшілерімен бірге халық емшілері ревматизм зардабы, қалтырау, күю, тырнақ инфекциясы, іш өту секілді көптеген ауруға қолданған алқызыл бұрыштың басқа қасиеттерін де зерттеу үстінде.

Сезім «сымдарын» қайта жалғау

$
0
0

Ив Конант

Бір темірқол және ондаған электрод – бұлардың бәрі сал ауруына шалдыққан жігіттің сипау сезімін қайта қалпына келтіруге арналған мүлде жаңа тәжірибе.

Ғалымдар сал болып қалған не кесілген аяқ-қолдың сезімін ми сақтап қалатынын жақсы біледі. «Ми бұрын әрдайым жасап жүрген әрекетті жадыда сақтап қалатын қасиетке ие, – дейді биоинженер Роберт Гаунт, – тіпті жарақаттан кейін де». Жуырда зерттеушілер робот аяқ-қолдарды ми арқылы басқаруға мүмкіндік тапты.

Гаунт пен оның Питсбург университетіндегі әріптестері мұнымен тоқталмақ емес. Олар робот аяқ-қолды науқастардың жай ғана құрал емес, денесінің бір бөлігі ретінде сезінуі үшін тер төгуде.

Жастық шағында көлік апатының кесірінен кеудеден төмен сал болып қалған Натан Коуплэнд – осы тәжірибеге қатысқандардың бірі. Оның миына және қолдың сезіміне жауап беретін сезіну қыртысына кішкентай сенсорлар орнатылды. Кейіннен сигналдар алу үшін робот-қол сол сенсорларға жалғанды.

31 жастағы Коуплэнд көзі байланған күйі робот-қолының қай саусағына салмақ түскенін 84,3 пайыз дәлдікпен анықтай алады. Коуплэнд сондай-ақ робот-саусақтарымен жылуды сезінетінін және бұл жағдай оны бақытты ететінін айтады.

Гаунттың мақсаты – технологияны дамыту арқылы сал ауруы мен шолақтықтың «кемістік» болмауына қол жеткізу.


Джон Хопкинстың қолданбалы физика зертханасы осы жасанды аяқ-қол модулін жасады. Ол Питтсбургтегі тәжірибесін басшылыққа алды. Екеуінде де 100-ден астам сенсор бар.

ФОТО: РЕБЕККА ХЕЙЛ, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ

Ми тәуелділігі

$
0
0

Жанна Рейн жиырма жыл бұрын жұмысында алған жарақатын емдеу үшін берілген дәріні ішкеннен кейін героинге тәуелді жанға айналды. Нәтижесінде, ол Сиэтл қаласының автомагистралі астында үйсіз-күйсіз күн кешіп жүруге дейін жетті.

Құрығына алса, құртпай тынбайтын құмарлықты қалай жеңуге болады? Бұл істе ғылым көмекке келе ала ма?

Автор: Фран Смит, фото: Макс Агуилера-Хеллвег

Анасы есірткі тәуелділігін емдеуде электромагниттік толқындарды пайдаланатын дәрігер туралы айтқанда Патрик Перотти мырс етті.

Италияның Генуя қаласының 38 жастағы тұрғыны Перотти кокаин иіскеуді 17 жасынан бастаған. Оның еріккендегі қылығы біртіндеп күнделікті әдетте айналып, кейіннен мүлде «құрыққа түсірген». Ол бір қызды сүйіп қалып, одан ұлды болады, ұзамай мейрамхана ашады. Алайда оның есірткіге тәуелділігі отбасы мен кәсібін ойран етті.

Ол сауығу орталығында үш ай емделіп шыққан соң 36 сағаттан кейін ескі әдетіне қайта басты. Басқа бағдарламамен емделуге тағы сегіз ай кетті. Бірақ үйіне оралған күні дилеріне кездесіп қалып, жағдай тағы қайталанды. «Мен кокаинды долдана иіскей бастадым, – дейді ол, – мен ессіз, мәңгірген параноикке айналдым. Бұдан шығудың жолын да көре алмадым».

Анасы дәрігерге көріну туралы табанды түрде талап еткен кезде Перотти қырсыққанын қойып, келісімін берді. Одан талап етілгені – тіс дәрігері бөлмесіндегідей креслоға отырып, дәрігер Луиги Галлимбертиге басының сол жағында әлдебір аппаратты ұстап тұруына рұқсат ету ғана болатын.

Психиатр әрі токсиколог Галлимбертидің тәуелділікті 30 жылдан бері емдеп келе жатқан Падуя қаласында өз емханасы бар. Оның транскраниалдық-магниттік стимуляция (ТМС) деп аталатын әдісті пайдаланып көру туралы шешімі тәуелділікті зерттеу ғылымындағы ірі жетістіктер мен дәстүрлі емдеуге көңіл толмаушылығынан туындады. Дәрі-дәрмек адамдарға ішімдік, шылым немесе есірткі тәуелділігінен құтылуға көмектесе алады, бірақ ескі әдетіне басу жағдайы жиі кездеседі. Кокаин тәріздес стимуляторлар тәуелділігіне қарсы тұратын дәрі жоқ. «Мұндай пациенттерді емдеу өте қиын», – дейді ол.

Ем қабылдаудағы кокаин тәуелділерінің ми суреттерін талдай отырып, клиникалық нейроғалым, Пенсильвания университетінің профессоры Анна Роуз Чайлдресс санамыздағы есірткі сигналдары мидың марапаттау жүйесін қоздырып, рецидивке қалай әсер ететінін зерттейді. Ол пациенттерге кокаин суреттерін 33 миллисекундқа көрсеткен кезде, мидың марапаттау жүйесі іске қосылған.

БҰҰ-ның есірткіге және қылмысқа қарсы күрес басқармасының деректеріне сай, дүниеде жыл сайын 200 мыңнан астам адам есірткіні шамадан тыс қолданудан және ВИЧ тәріздес есірткімен байланысты аурулардан қайтыс болады. Ал темекі мен ішімдіктен көз жұматындар саны одан да көп. Миллиардтан астам адам шылым шегеді және темекі өлім-жітімнің бес басты себебінің бірі: жүрек аурулары, инсульт, респераторлық инфекциялар, созылмалы обструктивті өкпе ауруы және өкпенің қатерлі ісігі. Әлемде әр 20 ересек адамның бірі ішімдікке тәуелді. Есірткіге теңестірілетін құмар ойындары мен басқа да «бағындырғыш» нәрселердің құрсауына түскендер санағын ешкім жүргізген емес.

Ғалымдар адам қалауы, әдетінің қалыптасуы, ләззат алу, оқу-үйрену, эмоциялары мен таным-біліміне негізделетін жолдар мен процестерді тәуелділіктің қалай бұзатыны жөнінде егжей-тегжейлі көріністі құрастырып шығарды. Ми пластикасының ғажайып мүмкіншілігін пайдалана отырып, құмарлық денсаулық, жұмыс, отбасы немесе өмірдің өзін құрбандыққа шалу арқылы кокаин, героин немесе джин үшін ең жоғарғы құндылықты белгілеу мақсатында нейрондық тізбектерді өзгертеді.

«Былайша айтқанда, тәуелділік – үйренудің патологиялық формасы», – дейді Ұлттық токсикомания институтының нейрологі Антонелло Бонси.

Бонси мен оның әріптестерінің ҰТИ-дегі және Сан-Францисконың Калифорния университетіндегі эксперименттері туралы оқыған кезде Галлимбертидің үміті оянды. Олар кокаинге тәуелді егеуқұйрықтардың нейрондарындағы электрлі белсенділіктерін өлшеп, мидың мінез-құлықты басатын бөліктері қалыптан тыс тыныш күйде болғанын анықтаған. «Зерттеу­шілер егеуқұйрықтардағы селқос жасушаларды «іске қосты». Олардың кокаинға деген қызығушылығы мүлде жойылып кетті», – дейді Бонси. Зерттеушілер адам миының префронталдық қыртысындағы мінез-құлықты басуға жауапты бөлігін стимуляциялау нашақордың ләззат алуға деген тойымсыз құштарлығын басуы мүмкін деген тұжырымдаманы ұсынды.

ТМС технологиясы мұны жүзеге асырудың тәжірибе түрін ұсынуы мүмкін деген ой келді Галлимбертиге. Кез келген қозғалыс немесе туындаған ой ми нейрондары арасында сыдыра қозғалатын электр импульстарымен басқарылады. Жылдар бойы күйзеліс пен бас сақинасын емдеуде қолданылып келген миды стимуляциялау осы схеманы пайдалануға мүмкіндік береді. Құрылғы таяқша спираль сымнан ғана тұрады. Оның бойы­мен электр тоғы жүрген кезде таяқша магниттік импульс тудырады, бұл мидың электрлі белсенділігін өзгертеді. Галлимберти қайталанбалы импульс есірткімен бүлінген нейрон жолдарын іске қосуы мүмкін деп ойлады. Бұл «қатып қалған» компьютерді қайта қосқанмен бірдей.

Ол осы технологияны сынау үшін нейрокогнитив психолог әріптесі Альберто Терранеомен бірге Бонсиге қосылды. Олар кокаинге тә­уелді нашақорлар тобымен тәжірибе жүргізді:

16 науқас бір айлық ми стимуляциясы курсынан өтсе, 13 сыналушы әдеттегі емдеу, соның ішінде қатты алаңдаушылық және күйзелісті емдеу курсынан өткізілді. Сынақтық мерзім соңында стимуляция тобынан – 11 адам, ал келесі топтан тек үш адам ғана есірткі құрсауынан құтылды.

Зерттеушілер еңбектерінің нәтижелерін European Neuropsychopharmacology журналының 2016 жылдың қаңтар айындағы санында жария­лады. Бұл көпшілікке кеңінен тарап, жүздеген нашақор емханаға ағылды. Пероттидің қобалжуы артты. Айтуынша, ол бірінші қабылдаудан кейін толқуы басылған. Көп ұзамай оның кокаинге деген құмары ғайып болды. Алты айдан кейін құмарлықтың ізі де қалмады. «Бұл бір түбегейлі өзгеріс болды, – дейді ол, – менің өмірге деген құлшынысым артты. Мұндай күйді бастан кешпегеніме көп уақыт болыпты».

Тізбекті үзу кокаин тәуелділігіне шалдыққан және емделгеннен кейін бірнеше рет ескі әдетіне басқан Патрик Перотти ақыры эксперименталды емдеу әдісі – Италияның Падуя қаласындағы емха-нада мидың префронталдық қыртысына электромагнитті импульс жіберу терапиясына жүгінді. Те-рапия іске асты. Психиатр Луиги Галлимберти басқа пациенттерге де трансраниалдық стимуляция әдісін пайдаланып, жақсы нәтижеге қол жеткізген.

Мұндай емдеудің жарамдылығы мен пайдасын тексеру үшін көптеген плацебомен бақыланатын сынақ қажет. Топ зерттеулерін жалғастыруды жоспарлап отыр және дүниежүзі бойынша зерттеушілер адамдарға шылым, ішімдік, құмар ойындары, шамадан тыс ішіп-жеу және опиодтерді теріс пайдалану құмарлығынан арылуға көмектесу үшін ми стимуляциясы әдісін сынап көруде. «Пациент­тер маған бұрын кокаин олардың өміріне сіңісіп кеткенін, қазір ол кеселдің оларды бағындыра алмайтын алыс нәрсеге айналғанын айтады», – дейді Бонси.

Аз уақыт бұрын ғана тәуелділікті емдеуде ми талшықтарын қалыпқа келтіру мүмкін емес көрінетін. Алайда нейроғылым жетістіктері тәуелділік туралы дәстүрлі түсініктен асып түсті. Егер 30 жыл бұрын медициналық оқулықты парақтағаныңыз­да құмарлықтың анықтамасы шыдам жетпейтін, әсерін сезінуді уақыт өте көбірек талап ететін және оны пайдаланбаған уақытта денеде жиіркенішті «сынық сезімін» тудыратын әлдебір заттекке тәуелділік деп көрсетілгенін байқар едіңіз. Бұл алкоголь, никотин мен героинді жеткілікті сипаттайды. Бірақ марихуана мен кокаин ескерілмеген.

Тәуелділік – ауру, ол моральдық кемістік емес. Ол әрекеттің өмірге зиян салдарына қарамастан адам оны мәжбүрлі қайталаумен сипатталады. Бұл көзқарас көптеген ғалымның бір кездегі «құмарлық есірткісіз де бола алады» деген пікір қабылдауына әкелді.

Американың психиатрия саласындағы «Психикалық ауруларды диагностикалау және статистикалық нұсқаулық» (Diagnostic and Statistical Manual of Mental Disorders) оқулығының ең соңғы редакцияланған нұсқасында алғаш рет құмар ойындары мінез-құлықтық тәуелділік түрі деп қабылданған. Кейбір ғалымдардың пікірінше, қазір көп нәрсе – денсаулыққа зиян тамақтар, шопинг, смартфондар потенциалды түрде тәуелділікке жетелейді, өйткені олар мидың «марапаттау» жүйесіне әсер береді, бұл схема қызбақұмарлыққа негізделген.

«Бәріміз де талғампаз марапат детекторымыз», – дейді Анна Роуз Чайлдресс. Анна – Пенсильвания университеті жанындағы ­Тәуелділікті зерттеу орталығының клиника­­лық нейроғалымы.

Ұзақ жыл бойына Чайлдресс пен басқа да ғалымдар мидың марапаттау жүйе­сін зерттеу арқылы тәуел­діліктің құпиясын ашуға тырысып келеді. Чайлдресс зерттеулерінің басым бөлігі есірткіге тәуелді адамдарды магниттік-резонанстық томография (МРТ) аппаратымен тексеруден тұрады. Аппарат нейрон белсенділігін талдау әдісі ретінде мидағы қан ағысын тексереді. Күрделі алгоритмдер және түс кодтауы арқылы мидың сканерден өткізілген түсірілімдерін суретке айналдырады. Суреттер мида құмарлық туған кезде ерекше белсенділікке ие болатын тізбектерді нақты көрсетеді.

Мәжбүрлік. Ойын автоматының моделі ішіндегі мына егеуқұйрық адамдарды ойнай беруге «итер-мелейтін» казинолардағы жарқ-жұрқ шамдар мен пульспен ұратын дыбыстың дәл сондай түр-лерімен еліктірілуде. Ұтысқа қант түйіршіктерін беретін тесіктердің бірін таңдау ойынында егеуқұйрық бойын билеген құмарлықты жеңе алмай, жанталасып саңылау кеміре бастады.

Анна компьютерден ми суреттерінің галереясын қарап отыр. «Мен бұл суреттерге сағаттар бойы қарап отыра аламын және қараймын да, – дейді ол. Іс жүзінде мидың ахуа­лын өз көзіңізбен көре алатындығыңызды ойлау – сондай керемет, бір жағынан, қауіпті».

Марапаттау жүйесі – мидың арнайы бөлігі, оның егеуқұйрықтікінен көп айырмашылығы жоқ. Бұл жүйе өзімізге керекті нәрсені іздеу­імізді қамтамасыз етуге арналған және бізге қажет көрініс, дыбыс және иіс туралы ескерту береді. Ол тірі қалу үшін ауадай қажетті тамақ ішу секілді түйсік пен рефлекс қызметін өз мойнына алады.

Қалау ми әрекеттерінің кешенді белсенділігіне тәуелді, бірақ ғалымдар оны іске қосатын нейрон таратқышы дофаминіндегі күрт секіріс болуы әбден мүмкін деп ойлайды. Синапсис арқылы сигнал таситын химиялық тасымалдаушы болатын дофамин мидың көптеген функциясында белсенді роль атқарады. Тәуелділікке ең сәйкес келетін дофамин ағыны қоздырғыштың ынталандырушы тетігін белсенді етеді. Теріс мақсатта пайдаланылған кез келген дәрі ми химиясына түрліше әсер етеді, бірақ олардың бәрі дофамин деңгейін табиғи қалыптан шығарып, шарықтатып жібереді.

Табиғи дофаминді имитациялайтын және паркинсон ауруын емдеуге қолданылатын дәрілердің оғаш жанама әсерін қарастыра­йық. Ауру алдымен қозғалысқа әсер ете отырып, дофамин өндіретін жасушалардың көзін жояды. Дофаминді алмастыратын дәрілер бұл симптомдарды бәсеңдетеді, бірақ мұндай дәрілерді қабылдайтын паркинсон науқастарының шамамен 14 пайызында құмар ойындарына, шоппинг, порнография, тамақ жеу және дәрінің өзіне тәуелділік пайда болады.

Марапаттау сигналдары немесе еске салу белгілері дофамин серпілісін ояту үшін қажет. Тәуелділікке шалдыққан адамдар миларының марапаттау жүйесін ояту үшін сигналды саналы түрде тіркеу міндетті емес. PLoS One журналында жарияланған зерттеуде Анна Роуз Чайлдресс кокаин түтікшелері мен басқа да есірткі элементтерін 33 миллисекундқа (бұл кірпік қағудың оннан біріне тең уақыт) айығып келе жатқан 22 кокаинге тәуелдінің көз алдынан өткізе отырып, олардың миын сканерлеген. Пациенттер саналы түрде еш нәрсе көрмейді, бірақ суреттер есірткі сигналдарын қоздыратын марапаттау тізбегінің дәл сол бөліктерін іске қосқан.

Чайлдресстің көзқарасы бойынша, бұл деректер айығып, бірақ кокаинге қайта шалдыққан тәуелділердің ескі әдетіне қайта басуға не итермелейтінін түсіндіреді. «Олар кокаинды еске түсіретін ортадан шықпаған, – дейді ол, – олар, жалпы, бұрынғы марапаттау жүйесін оята отырып, қайта «күш алып» отырған. Сана мұны түсінем дегенше, тәуелділік тау селіндей шайып өте шығады.

Ойын құрсауында. Оңтүстік Корея супержылдам интернет бағасын арзандатып, көпшілікке қолжетімді еткеннен кейін адамдардың шамадан тыс ойынға беріліп, өз өмірлерін құрдымға жібе-ретіні түсінікті болды. Қазір үкімет адамдардың емдеу ақысын төлеуде. Американың психиатрлар ассоциациясы ойынқұмарлықты тәуелділік қатарына жатқызған жоқ, бірақ олар интернет ойындар-ды көбірек зерттеуді қажет ететін аурулар санатына енгізді.

Әрине, ми марапаттау жүйесінен ғана тұрмайды. Оның бойында ойлау, қауіп-қатерді есептеуге және тежеусіз қалауды бақылауға арналған эволюцияның ең күрделі механизмі орналасқан. Неліктен құмарлық пен әдет себеп-салдарын біле тұра тәуелділік «шырмауынан» асып түсетін күшке ие? «Зымиян шайтан адамды есінен алжастырады», – дейді дауысы гүжілдеген тұрақты түрде наша шегетін мұңды адам.

Психиатрия және нейроғылым профессоры Рита З.Голдштейн зертханасында мидың префронталдық қыртысындағы атқарушы бақылау орталығының ролі туралы зерттеу жасауда. Сканер ми белсенділігін жазу барысында оған кокаин суреттері көрсетіліп, рақат немесе қауіп-қатер сезімі туралы ойлауы сұралады.

«Менің есірткіге соншалық көп ақша жұмсағаным ақылға сыймайды», – дейді ол МРТ аппаратына бара жатып.

Құмарлықтың префронталдық қыртыс пен басқа да бөліктермен қалай байланысатынын зерттеуге септігін тигізген Голдштейннің нейровизуализация әдісі мидың марапаттау жүйесі туралы түсінікті молайтуға көмектесті. Мидың осы бөлігіндегі өзгерістер шешім қабылдау, өз-өзін бақылау секілді тәуелділікпен байланысты өзге де когнитивті функцияларға әсер етеді.

2002 жылы Голдштейн қазір ҰТИ директоры болып қызмет атқаратын Нора Волковпен бірге жұмыс істей отырып, кейін ықпалды модельге айналған iRISA (impaired response inhibition and salience attribution) деп аталатын тәуелділік теориясын жариялады. Аты айтуға күрделі болғанымен, бұл – өте қарапайым нәрсе. Есірткі сигналдарының мәні артуымен басқа нәрселерге көңіл аудару әлсірей түседі. Ал осы сигналдар тұрғысынан мидың мінез-құлықты бақылау қабілеті азаяды.

Голдштейн кокаин тәуелділерінде префронталды қыртыстағы сұр заттек кемігенін көрсетті. Бұл – атқарушы функцияның нашар істеуімен байланысты құрылымдық жетіспеушілік. Олар есте сақтау, ден қою мен шешім қабылдау сынағы кезінде тәуелділігі жоқ адамдармен салыстырғанда мүлде басқа нәтиже көрсеткен. Әдетте, олардың көрсеткіші төмен болған. Нәтиже контекстке байланысты.

Мәселен, Голдштейн олардан есірткіге қатыс­ты сөздерді тізіп шығуды сұраған кезде олар алдына жан салмады. Есірткіні тұрақты пайдаланушылар есірткі қатысты тапсырмаларды жоспарлауға және орындауға өте шебер, бірақ бұл әуестік қалай және қашан тоқтау керек секілді басқа когнитивтік процестермен компромисске келуі мүмкін. Мінез-құлық және ми қызметінің бұзылуы мидағы басқа келеңсіздіктерге қарағанда жіті келіп, науқастарға ауыр әсер етеді.

«Тәуелділік ми қызметінің бұзылуы ретінде танылуының себебі де – осы», – дейді ол.

Голдштейн зертханасында адамдар есірткі пайдалануды тоқтатқан кезде мидың алдыңғы бөлігі сауыға бастайтыны жөнінде таңғалдырар деректерді анықтаған. 2016 жылғы зерттеуде алты айға кокаиннен бас тартқан немесе қабылдауы тоқтатқан 19 нашақорға бақылау жүргізілді. Олардың миында мінез-құлықты тежеу мен марапат­тауды бағалайтын екі учаскедегі сұр заттек мөлшері артқан.

Марк потенза лас-вегастағы «Венециан» казиносы ішінде қадам басып келеді. Потенза – Йель университетінде психиатр, импульсивтілік және импульс бұзылуын зерттеу бағдарламасының директоры болып істейтін ақжарқын, жігерлі адам. Ол төмен қарай эскалатормен түсіп, ұзын дәліз арқылы Sands Expo мәжіліс орталығына келді. Бұл жерде Потенза құмар ойындарына тәуелділік туралы зерттеуі бойынша жүздеген ғалым мен дәрігер алдында баяндама жасайды.

Жиналысты Ойынға жауапты қарау жөніндегі ұлттық орталық ұйымдастыруда. Бұл – осы индустрияда қолдауға ие болып және Потенза мен басқаларының құмар ойындарды зерттеулерін қаржыландырып отырған топ. Бұл жиналыс Global Gaming Expo мегаконференциясы қарсаңында болып жатыр. Потенза подиумда ойыншылардың ағзасындағы ақ заттектің біртұтастығы мен кортикалдық қан ағысы туралы әңгімелеп тұр. Ал зал сыртында көрме ұйымдастырушылары жастардың тулаған қанына шапқылайтын дофаминді шығару үшін жасалған инновация­лық технологияларды жарнамалайтын экрандарды бабына келтірумен айналысуда. Шараға 27 мыңнан астам ойын шығарушысы, дизайнерлер және казино операторлары қатысады.

Потенза мен басқа ғалымдардың еңбегі психиатрия саласының мамандарына мінез-құлықтық тәуелділік идеясын қабылдауға итермеледі. 2013 жылы Америка психиатрлар ассоциациясы «Диагностика және статистикалық нұсқаулық» оқулығындағы «Басқа жерде классификацияланбаған импульс» тарауынан құмар ойыны мәселесін шығарып, «Заттекпен байланысты және тәуелділік кемістіктері» тарауына кіргізді. Бұл әншейін ғана техникалық бір шара емес-тұғын. «Бұл басқа мінез-құлықты тәуелділік деп қарастыруды тоқтатады», – дейді Джудсон Брюер. Джудсон Массачусетс университетінің Медицина мектебіндегі менталдық тәжірибе орталығының зерттеу жөніндегі директоры болып істейді.

Ассоциация он жылдан астам уақыт бұл мәселені қарастырды, бұл уақытта құмар ойын­дары туралы жиналған зерттеулер құмар ойындары есірткі тәуелділігіне қаншалықты ұқсайтындығын көрсетеді: қанағаттанбау, алаңдаушылық және ақылға сыймайтын шешімдер. Құмарлық ләззатына бату үшін тігілетін бәсті көбейте түсуге деген қажеттілік сезімі. Уәде берсе де, өзін тоқтата алмау. Потенза ойынқұмарлардың миларын алғаш зерттеу шараларын жүргізіп, олардың түсірілімдері нашақорға ұқсайтынын көрген: мидағы импульсті бақылауға жауапты бөліктердің белсенділігі солып қалған.

Жиіркендіру әдісі. Мәскеу жанындағы Маршак наркология­лық емханасында антабустың алты ай-лық дозасы ішімдіктен емделуге келген науқас терісінің астына салынады. Ол отыз күн бойы осы жерде қаралады. Осыдан кейін пациент ішімдік ішкен жағдайда құсып тастайтын болады. Бұл «жиір-кендіруші терапия» деп аталады.

Бұл күнде психиатрия мамандары құмарлыққа шалдығу есірткісіз де болуы мүмкін дегенмен келіседі. Зерттеушілер мінез-құлықтың қай түрлерін тәуелділікке жатқызуға болатынын анықтауда.

«Шамадан тыс пайдалы, масаттандыратын немесе тыныштандыратын нәрсенің барлығы тәуелділік тудыра алады», – дейді психиатр Джон Грант. Ол Чикаго университетінің Тәуелділік, ерікке бағынбайтын және импульсивті мүкістіктер емханасын басқарады. Тәуелділік адамның осалдығына байланысты, оған басқа факторлармен қатар генетика, жарақат немесе күйзеліс әсер етеді.

Нью Йорк қаласындағы Маунт-Синай медициналық орталығының нейроғалымы Николь Авена егеуқұйрықтарға қант бергенде олар оны жеуді доғармай, олардың бойында кокаинге тәуелді болған кездегідей қатты қалау және «сыну сезімдері» пайда болатынын көрсетті. Авена мен Мичиган университетінің зерттеу­шілері жуырда 384 ересек адамға зерттеу өткізді: олардың 92%-ы белгілі бір тамақ түрлерін үнемі қалайтындарын және мұны доғару талпыныс­тары бірнеше рет сәтсіз болғанын айтқан. Бұл – тәуелділіктің екі ерекше белгісі. Қатысушылар әдетте ұн қабыршағынан дайындалып, үстіне құрамында қант бар қызанақ соусы жағылатын тағам – пиццаны тәуелділік тудыратын ас ретінде ең алдыңғы орынға қойды. Авена тағамға тәуелділік бар деп есептейді. «Адамдардың артық салмақпен күресуінің бас­ты себебі – осы», – дейді ол.

Ғылым тәуелділікке шалдыққан мида не болатынын анықтауда табысты болғанымен, оның шешімін табудағы жетістіктерімен мақтана алмайды. Кейбір құмарлық түрлерін дәрімен емдеуге болады, мәселен, опиоидқа қарсы налтрексон дәрісі ойлап табылған. Сондай-ақ оны ішімдік ішу, шектен тыс тамақ жеу және құмар ойындарға тәуелділікке қарсы да пайдаланады.

Бупренорфин мидағы опиоид рецепторларының белсенденділігін арттырады, бірақ процесс героин әсеріне қарағанда анағұрлым төмен деңгейде орындалады. «Бұл сиқыр сияқты», – дейді Джастин Натансон. Джастин Оңтүстік Каролина штатының Чарлстон қаласында кинорежиссер болып істейді және оның өз галереясы бар. Ол көп жыл героин пайдаланған және екі рет сауығу процедурасынан өтіп, артынан қайтадан ескі әдетіне басқан. Кейін дәрігер оған бупренорфин дәрісін жазып береді. «Бес минутта өзімді толықтай жақсы сезіндім», – дейді ол. Джастин 13 жыл бойы героин ­қолданған емес.

Тәуелділікті емдеуде қолданылатын дәрілердің көбі бұрыннан бар. Нейроғылымдағы соңғы жетістіктер де әлі айтарлықтай емдеу әдісін ойлап тапқан жоқ.

12 адымдық бағдарлама, когнитивті терапия және басқа да психотерапиялық әдістер көптеген адам үшін тың өзгеріс әкелсе де, барлығына бірдей оң нәтиже бермейді.

Арагідік ішімдік ішу әдеті. Силви Имберт пен Ив Брейси бұлшықет спазмаларын емдеуге арналған дәрі – баклофенді қабылдайды. Бұл оларды ішімдіктен аулақ ұстайды. Зерттеулер баклофеннің ал-коголь тәуелділігін емдеуде пайдасын көрсетті. Брейси Париждегі Luxembourg Parc қонақ- үйінде сыра ішіп отыр, қазір оған аз ғана мөлшерде ішімдік ішуге рұқсат. Имберт баклофен қабылдай ба-стағанға дейін ішімдікке сылқия тойып алатын.

Брюер – буддизм психологиясын зерттейді, сондай-ақ тәуелділік саласындағы психиатр. Оның ойынша, тәуелділікті емдеуде ең үздік үміт – заманауи ғылым мен ежелгі медитативтік тәжірибені араластыру. Ол – саналы сезіну әдісінің жақтаушысы, бұл әдіс бойынша өзіңіз істейтін және сезінетін нәрселерді, әсіресе өз мінез-құлқыңды тоқырауға ұшырататын әдеттерді түсіну үшін медитация және басқа да тәсілдер пайдаланылады.

Брюер ғылыми (медициналық) терминдер мен пали тілінде (буддизм кітаптары тілі) аралас­тыра сөйледі. Өткен кеште ол күйзелісті тамақ жеумен өткізетін 23 адаммен сеанс өткізді.

Доннамари Лариеви маркетинг жөніндегі консультант және жауапты нұсқаушы болып істейді. Ол өзінің балмұздақ және шоколад құмарлығынан арылу үшін сананы емдеу тобына қосылғанына төрт ай өтті. Қазір ол денсаулыққа пайдалы тағамдарды жейді, кейде шоколад және карамельді балмұздақтың үлкен қасығына да ерік береді, бірақ оған бұрынғыдай құмар емес. «Бұл өмірімді өзгерткен нәрсе болды, – дейді ол, – ең маңыздысы, мендегі бағынбайтын қалау сезімі жоғалды».

Натан Абелс бірнеше мәрте ішімдік ішуді доғаруға ниет еткен. 2016 жылдың шілде айында үш күндік салынып ішуден кейін ол Чарлстон қаласындағы Оңтүстік Каролина медициналық университетінің жедел көмек бөлмесінен бір-ақ шықты. Ем қабылдай жүріп ол нейроғалым Коллин А.Ханлонның ТМС зерттеуіне ерікті ретінде қатысуға ниет білдірді.

28 жастағы Абел үшін нейроғылымның ішкі қырын түсіну жеңілдік сезімін береді. Ол биологияның құрсауына түскендей не ішімдік әуесі үшін жауапкершіліктен құтылғандай сезінбейді. Керісінше ұялады. «Мен ішімдік – әлсіздік деп  ойлайтынмын, – дейді ол, – оның ауру екендігін түсіну кәдімгідей күш береді екен».

Ол емделуі үшін медициналық орталық ұсынатын дәрімен емдеу, психотерапия, қолдау топтары және басқа жасалатын электромагнитті өшіру тәріздес барлық әдістерді пайдалануда. «Ми өз-өзін емдей алады, – дейді ол, – ең кереметі де – осы».


Френ Смит – жазушы әрі редактор. Бұл – оның «National Geographic» журналындағы тұңғыш мақаласы. Макс Агуилера-Хеллвег – фотограф, оның дәрігерлік білімі де бар.

Пациент қылмыскер емес. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мына адамды Сиэтл қала-сында «героин шеккен» деген күдікпен тұтқынға алып, оны түрмеге қамаудың орнына есірткі қабылдау­шылардың емделу орталығына тапсыруды жөн деп тапты. Бес жылдан бері жалғасып ке-ле жатқан осы жаңашыл бағдарлама есірткіге деген тәуелділіктің қылмыстан гөрі ауруға жақын екендігін дәлелдеді.

Туғаннан тұтқын атанған

Опиоидтен зардап шеккен сәбилердің зар жылаған дауысы төбе құйқаңды шымырлатады: шырыл қысқа-қысқа бірақ үсті-үстіне қайталана береді. Батыс Виргиниядағы Кабелл Хантингтон ауруханасындағы жаңа туған сәбилерге күтім көрсету орталығында осы дауыс ащы естіледі.

Бұл жер – елдегі опиоид дағдарысының куәсі. Жаңа туған сәбилердің бестен бірі героин не басқа да есірткі әсеріне жатырда жатқаннан-ақ тап болған. «Бұл айсбергтің ұшы ғана», – дейді орталықтың директоры, неонатолог Шон Лоудин.

Батыс Виргиния опиоидты шамадан тыс пайдаланудан көз жұматындар көрсеткіші бойынша АҚШ-та алдыңғы орында. Кабелл округінде 2012 жылға дейін шамадан тыс доза қабылдау бойынша жедел жәрдем қызметіне (911) жылына орта есеппен 130 қоңырау түсетін. Өткен жылы 1476 қоңырау тіркелген.

Олар миға қатты әсер ететін есірткі кеселін жеңу үшін күресуде. Сәбилер қалтырайды, терлейді, құсады және денелері ағаштай болып «тырысып» қалады. Олар үзіп-үзіп тамақтанып, ұйықтайды. Бұл сәбилерге тыныштық қажет. Олардың ауру симптомдарын жеңілдету үшін көбіне метадон беріп, бірнеше күнде емдеп шығады.

Алғашында ауру басатын дәрілер дау тудыратын. Артынан героин шықты. Енді героинге қоса кокаин, метамфетамин, ал соңғы уақытта габапенин деп аталатын тырысуға қарсы дәрі де пайда болды.

Көптеген сәбидің науқастық деңгейі өршіген және оларға ұзағырақ күтім қажет.

Тыныш ұйқы. Мына дүниеге келгеніне бес апта толған ер бала – Кабелл Хантингтон ауруханасында опиоид тәуелділігінен айықтыру емін қабылдаудағы 300-ге жуық нәрестенің бірі. Ол 28 жастағы ана-сы Джордан Томастың мәпелеп сипауымен ұйықтайды. Джордан героин тәуелділігінен емделуде. Дәрігерлер сәбиді метадонмен емдеп, артынан одан шығарды. Қазір сәби салмақ жинауда, ұйқысы бірқалыпты және үйге шығуға дайын.

«Ал, қанеки», – дейді Муррей туғанына 41 күн болған бозарған сәбиді құшағына алып. Ол сәбидің аузына жасыл емізікті салды. Емізікті жұлып алардай сорып жатқан кезде ол сәбиді мықтап ұстап жайлап тербетеді. Аздан соң сәбидің жағы бәсеңдеп, көздері ілініп, ұйқыға кетті.


Көмекке қол жеткізу

Есірткі тәуелділігі мен оған қарсы көмек алу туралы ақпарды drugabuse.gov вебсайтынан таба аласыз.

Шақалақтың шағын «әлемі»

$
0
0

Шала туған қозының 28 күн ішінде қозғалуға, көздерін ашып-жұмуға шамасы келеді.

Эрика Енгелаупт

Жақын болашақта ай-күні жетпей дүние­ге келген шақалақты ата-аналар аквариум ыдысында жатқан жерінен көріп бақылауы мүмкін. Мұндай жасанды «жатырдың» ішінде сәби ауамен дем алуға дайын болғанға дейін жатады. Оның іші жасанды сұйықтыққа толтырылады.

Әйелдің қалыпты жүктілігі 40 апта болса, 37 аптада туған нәресте шала туғандар қатарына жатқызылады. Жыл сайын жер бетінде шамамен 15 миллионға жуық бала шала туады екен. Бұл – дүниеге келетін сәбилердің 1/10 тең. Бүгінгідей техника мен технология дамыған заманда уақытынан 17-18 апта бұрын туған балалар арасында да адам қатарына қосылып кеткендері көп. Ондай балалардың салмағы жарты килограмм шамасында болады және олардың тірі қалу ықтималдығы 50 пайыздан төмен. Олардың шетінеп кетуінің ең басты себебі – өкпеcімен демала алмауында.

Сәуірде Филадельфиядағы балалар ауруханасының зерттеушілері Nature Communications журналында шала туған 8 қозыны жасанды «жатырға» салу арқылы сынақтан өткізгенін, қойды таңдаудағы себеп – өкпесінің адамдікіне өте ұқсас болатынын жариялаған. Онда әр қозының жүрегі жасанды кіндік арқылы соғып тұрған.

Зерттеу тобы қозылардың өкпесі мен басқа да ағзалары қойдың өз жатырында жатқандағыдай дамығанын, бүгінде шала туғандарды аман алып қалуға қолданылатын тәсілдердің айтарлықтай жетілгенін мәлімдеді. Сол қозылардың бірнешеуі дәл қазіргі уақытта салмақ қосса, біреуі тіпті тоқты болып үлгерген. Олардың өсіп-жетілуі қалыпты жағдайда жүріп жатқаны белгілі болды.

«Қозылар толық жетілген болып көрінеді, – деді зерттеу тобының басшысы Алан Флэк баспасөз мәслихаты кезінде.

Флэктің айтуынша, жасанды жатыр­дың мақсаты – балаларды толықтай анасынан бөлек өсіру емес. Зерттеушілер өкпесі дем алуға дайын, маңызды кезең – 28 аптадан бұрын туған сәбилердің тірі қалуына және денсаулығының жақсы қалыптасуына көмектесуді көздейді.


ЕБОЛАҒА АРНАЛҒАН СЫНАҚ

2014 жылы Ебола вирусы тарағаннан бері Батыс Африка­да 11 мыңнан астам адам көз жұмды. Нью Йорк­тегі Олбани университетінің биохимигі Мехмет Иігіт жұқпалы індет белгілерін санаулы сағатта анықтайтын құрылғы ойлап тапты. Ол бойынша егер кіші дәрет қызыл түске боялса, ағзада инфекция бар, ал күлгін ­ түс – таза деген сөз. – Кэтрин Цукерман

ФОТОЛАР: NATURE COMMUNICATIONS (ҚОЗЫ); КАРЛО ДЕ ХЕСУС, ОЛБАНИ УНИВЕРСИТЕТІ (VIALS)


Зерттеуге лайық зебра-балық

$
0
0

Патрисиа Эдмондс

Биомедициналық зерттеуде ұзындығы шамамен 3,5 см болатын зебра-балықтың (Danio rerio) ролі өте үлкен.

Зебра-балық өзінің омыртқалы әріптесі – адам үшін керемет зерттеу нысаны, себебі екеуінде ортақ нәрсе өте көп: ми, жүрек, бауыр және бүйрек. Геномдық бірізділікті анықтау зерттеулері көрсеткендей, адам ауруына себеп болатын гендердің 84 пайызы зебра-балықтан да табылған.

Квинсленд университетінің жасуша биологі Дэн Хоган зебра-балықты 2001 жылдан бастап зерттеп келе жатыр. Балықтың бір артықшылығы – олардың эмбрионы мөлдір және анасының денесінен тыс жағдайда жетіледі. Адам сырқатын модельдеу үшін ғалымдар гендермен манипуляция жасай отырып, аурудың өзгеруін тікелей бақылай алады. Ал мұны кәдуілгі зертхана жәндігі саналатын тышқандарға қолдану мүмкін емес.

Жетілген зебра-балықтар денесінде жолақтар пайда болады. Алайда кішілері айтарлықтай мөлдір, сондықтан ғалымдар олардың қан тамырлары мен басқа да мүшелеріне флуоресцензия (оң жақта) қолдана отырып зерттейді. Хоган олардың миынан қоқыстарды шығарып отыратын «тазалаушы» жасушалардың барын анықтаған. Оның айтуынша, егер мұндай жасушалар адамдарда да болып және басқарылатын болса, олар дементиа және талмаға қарсы пайдалы болмақ.

Жабайы табиғатта балықтардың кү­йекке түсуіне күн сәулесі себеп болса, ал Хоганның зертханасында кәдімгі жарық пайдаланылады. Аталықтың күйек биіне еліткен аналық 300-ден аса жұмыртқа шашады. Сол кезде еркек балық оларды іле-шала ұрықтандырады.

Зебра-балық зерттеуі арқылы қатерлі ісік, диабет, бұлшық ет аурулары сияқты басқа да дерттерге дауа табыла бастады. Ұлттық денсаулық институтының зерттеушісі Элизабет Берк бұл балықтың медицинаға қосар үлесі зор деп сенеді.


ЗЕБРА-БАЛЫҚ

МЕКЕНІ/ТАРАЛУЫ: Оңтүстік Азиядағы таза өзендер мен ағыстар

ЖОЙЫЛУЫ: Қауіп аз

БАСҚА ДЕРЕКТЕР

Зебра-балық эмбриондары судағы дәрілерді сорып алады. Бұл сынақтың сәтті болғаны соншалық, қатерлі ісікке қарсы дәрілер бүгінде клиникалық емдеу қатарына енген.

ФОТО: ҮЛКЕЙТІЛГЕН МИКРОСКОП СУРЕТІ, НЭЙЛ БОУЕР, МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОҒЫЛЫМ ИНСТИТУТЫ, КВИНСЛЕНД УНИВЕРСИТЕТІ, АУСТРАЛИЯ

«Байқоңырдан» Шолпанға ұшқан кеме

$
0
0

pia00104_locopy2

Шолпан ғаламшарының біз білмейтін құпиялары көп. Күкірт қышқылынан түзілген қалың бұлтты қабат жанартаудан пайда болған ойлы-қырлы ғаламшар бетін түгел жауып тұр. Мұндағы тығыз атмосфера ауа температурасы үдемелі жылыжай эффектісін туғызды. – Бұл ғаламшарда ауа температурасы 480ºC-қа дейін жетеді. Күннен біршама шалғай орналасса да, мұндағы ауа температурасы Меркурийдікінен анағұрлым жоғары. 2005 жылы Еуропа ғарыш агенттігінің бастамасымен Қазақстаннан Шолпан ғаламшарына «Венера-экспресс» деген әуе кемесі ұшырылды. Сөйтіп, ғаламшардағы тіршілік сегіз жыл бойы зерттелді. Нәтижесінде, оның Жер ғаламшарынан сәл ғана кіші екені және қарама-қарсы бағытта айналатыны анықталды.

Шолпан ғаламшарында жел баяу соғады. Алайда жерсеріктен түсірілген суреттерге қарасақ, атмосфераның жоғарғы қабатынан адам таң қаларлық жылдамдықты байқауға болады. Ұйытқыған жел сағатына 400 шақырымға дейін жетеді. Яки, бұл дегеніміз, ғаламшардың қозғалу жылдамдығынан 60 есе көп. Салыстырар болсақ, Жердің экватор сызығының бойымен айналуының орташа жылдамдығы сағатына 1600 шақырымды құрайды. Ал біздегі жел бұл жылдамдықтың жиырма пайызынан аспайды.

Желдің әсерінен Шолпан ғаламшарының полюстерінде турбулентті қозғалыс пайда болады. Төменгі бөлігіне күн сәулесі көбірек түсетіндіктен газ қабаты ысып, суығырақ полюстерге қарай ауысады. Ол жақта оттай жанып тұрған газ қабаты салқындап, құрғап қалған жерге сіңген судай ирелеңдеп көзден ғайып болады. Мұндай құйындар Күн жүйесінде жиі болып тұрады. Соның әсерінен Шолпан ғаламшарының беті сәт сайын түрленіп, көркемдігі арта түседі.

destination_venus_locopy1

Шолпан ғаламшары атмосферасының түгелге жуығы көмірқышқыл газынан тұрады. Яғни, Күн жүйесінде орналасқан ғаламшарлардың атмосферасынан анағұрлым тығызырақ. Атмосфераның жоғарғы қабатында соққан дүлей желдің нәтижесінде полюстерде құйындар пайда болады. Төртбұрышты суреттерден оңтүстік полюстің сан түрлі бейнесін көруге болады. Олардың әрқайсысының ені 4000 шақырымды құрайды.

ФОТО: NASA / JPL; ESA/VIRTIS-VENUS EXPRESS/INAF-IAPS/LESIA-OBS. ПАРИЖ/ДЖ. ПИККИОНИ

Тәуелсіздік –тұғырым

$
0
0

16 желтоқсан – ата-бабаларымыздың сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сарғая күткен Тәуелсіздік күні. Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны ерекше.

Себебі ол күн халқымызға оңайлықпен келген жоқ. Бұл батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың ұлы арманы болған күн.

Тәуелсіздікті – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы десек те болатындай. Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

Бүгінгі талай ұлт пен ұлыстың берекелі мекеніне айналған Ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіміз осы – Тәуелсіздіктің жемісі.

Фото: Павел Михеев

Қазақстан – бағытын тапқан бақытты ел

$
0
0

Қазір елдегі 18 миллион халықтың 72 пайыздан астамы мемлекет құраушы – қазақ ұлтының өкілдері. 1989 жылы бұл көрсеткіш 43 пайыздай ғана еді.

Халқы 2 миллионнан асатын Алматыда кездесу уақытын кесіп айту мүмкін емес. Көшедегі ерекше кептеліс Айжан Жанатқызымен кездесетін уақытымнан жарты сағатқа кешігіп баруыма себеп болды. Бір кездері 800 мың тұрғынға арнап салынған қала көшелерінің тарлығы бүгіндері анық байқалады. 5 жыл бұрын ғана іске қосылған жерасты метросы қаладағы көлік қатынасын әлі де болса толық жеңілдете алған жоқ. Сондықтан көлік ішінде сағаттап тұрып қалуды алматылықтар қалыпты жағдай деп қабылдайтын болған. Күздің жайма шуақ күнінде Абай мен Сайын көшесі қиылысындағы көпқабатты үйдің ауласына кіргенімде Айжан апай ұзын орындықта терең тыныстап отыр екен. Кешіккенім үшін кешірім сұрап, кейіпкерімнің қасына жайғасып отырдым. Қызу әңгімеміз басталып кетті.

КСРО күйреген тұста кей сарапшылар қызыл империяның құрамында болған 15 мемлекеттің ішінде «соғыс өрті ең алдымен Қазақстанда тұтанады» деп болжаған болатын. Саясаткерлердің олай ойлауына себеп те жоқ емес еді. Жер көлемі әлемде тоғызыншы орын алатын көпұлтты ел болғандықтан әлеуметтік қақтығыстардың бұрқ ете қалу мүмкіндігі жоғары-тұғын. 1989 жылғы жалпыұлттық санақта республикадағы 16 миллион халықтың тек 43 пайызы ғана қазақтар екені белгілі болды. Сол 43 пайыз жергілікті ұлттың жартысына жуығы өз ана тілінде сөйлей алмайтын. Ал бүгінде жағдай түбірімен өзгерді. Дәл қазір Қазақстандағы 18 миллион халықтың 72 пайыздан астамы мемлекет құраушы – қазақ ұлтының өкілдері. Жергілікті ұлт санының өсіміне шетелден келген қазақтардың да үлесі зор. Олар ел халқының 10 пайызына жуықтап қалды. Солардың бірі – осы Айжан апамыз. «Біз ол кезде Моңғолия астанасы Ұланбатырда тұратынбыз. Қазақстан өз тәуелсіздігін жария­лаған күні әкем: «Жиналыңдар. Қазақстанға көшеміз!» – деп кесіп айтты, – деп еске алады Айжан Жанатқызы. – Қазір ойлап қарасам, «Тәуелсіздік» деген бір ауыз қасиетті сөз үшін әкем бар жиған мал-мүлкі мен атақ-абыройын бір-ақ күнде тастап кетіпті ғой».

Айжан апай бүкіл әулетімен Алматыға алғаш көшіп келген жылдары бір бөлке нан сатып алу үшін таңғы төрттен кезекте тұруға тура келгенін, бала-шағасымен бірге ішер ас таппай ашыққан күндері, тіпті жататын жер таппай да қалған кездері болғанын айтады. «Жатақханада тұрып жатқанымызда екінші ұлым белгісіз жағдайда қайтыс болып кетті. Білген адамға сол бір тоқырау жылдарынан аман-есен шығудың өзі үлкен жеңіс еді, – дейді сұхбаттасым. – 2005 жылы күйеуім жүрек талмасынан марқұм болып, тауқымет жүгі, тіпті ауырлай түсті. Бірақ біз қалған бала-шағамызбен ол қиыншылықтарға қасқайып қарсы тұрып, атамекенімізге босқа көшіп келмегенімізді дәлелдей алдық».

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасы 67-ден 72-ге дейін ұзарып, бала туу көрсеткіші – 60 пайызға, балаларға төленетін жәрдемақы 7 есеге өсті. Әлемдегі 130 елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Сондай-ақ Қазақстан – ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан жер бетіндегі санаулы елдердің бірі. Жаңа Астана салынды, дарынды жастарды шетелдердегі озық оқу орындарында оқытуға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың ең үлкен жетістігі ретінде көршілес елдермен шекарасын нақтылап алғандығын айтсақ та жеткілікті. 25 жылдағы Қазақстанға келген инвестиция көлемі 250 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл Орталық Азияға тартылған барлық инвестиция­ның 80%-ына тең. 1995 жылдан бері қазақстандықтардың жылдық табысы 40 есе өссе, тұрғындардың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 7 мың долларға жуықтады.

Тоғызбұлақ ауылының тұрғындары күзгі жиын-терін науқанында. «Бақыт деген мен үшін – елдің тыныштығы мен бала-шағамның амандығы», – дейді ауыл тұрғыны Тілеухан Әліпбайұлы.

«Қазақта баланың санын айтпайды, бірақ құдай берген 4-5 немерем бар. Бәрі де спорт, өнер, ғылымға әуес, – деді апай қуанышты жүзі бал-бұл жанып. – Несіне жасырайын алды қырыққа келген балаларымның осы уақытқа дейін бірде-біреуі мемлекеттік қызметке кіре алмады. Танысың болмаса қалаған жұмысыңа орналасу қиын. Бірақ олар өздері талпынып жүріп бірнеше тілді меңгеріп алды да, қазір шетелдік компанияларда жұмыс істеп жүр», – дейді Айжан апай.

Қазақстан табиғи ресурстарға аса бай бола тұра, халқының жағдайы жоғары деңгейде деп айтуға келмейді. ҚР Статистика агенттігі биылғы жылғы орташа жалақы мөлшері 142 мың теңге деп бекіткенімен (шамамен 400 доллардай) соңғы жылдардағы ұлттық валютаның бірнеше рет құнсыздануы халық тұрмысына едәуір кері әсерін тигізді. Көптеген азаматтар ел ішін жайлаған қымбатшылыққа наразылығын әлеуметтік желілерде ашық айтады. Мәселен, бір ғана Астана-Ақтау бағыты бойынша ұшақ билетінің барып-қайту құны бір жалақының мөлшеріндей. Кейде ішкі бағыттар шетелдік рейс­терге қарағанда қымбатырақ болып шығады. Ауылды жерлер мен шағын қалалар бойынша да толық шешімін таппаған мәселелер жетерлік. 2010 жылы бейкүнә адамдардың өліміне себепкер болған Қызылағаш суқоймасының жарылуы, 2011 жылғы Жаңаөзен қаласындағы қайғылы оқиғалар мен шенеуніктер арасындағы жемқорлық фактілері де халықтың зердесінен шығар емес.

«Қалай болғанда да мен өзімді Қазақстанның нағыз жанашыры, патриоты санаймын. Отаным тұрғанда менің бақытты болмауым мүмкін емес», – деді Айжан апай менімен қоштасып жатып. Ол кісінің сөзінің жаны бар болатын. Себебі қазақтар өз тәуелсіздігін жоғалқан соң араға екі ғасыр салып барып қайтарып алды. Отан, Тәуелсіздік, азаттық, демократия ұғымын қазақ халқы терең түсінеді. Сондықтан ол қанша қиналса да, бүгінгі күніне шүкіршілік етіп, болашағына сеніммен қарауға өзін көндіріп үйренген.

Фото: Сәрсенбек Қызайбекұлы, Ерболат Шадрахов

Теңіз сақшылары

$
0
0

Лагуна Сан Игнасио сулары. Қайықта тұрған турист сұр киттердің бірін сипап көрмек ниетпен қол созуда. Киттер жұптасу мен жас киттерді қамқорлыққа алу мақсатында шығанаққа жиі келеді. Бүгінде олар экономиканың маңызды бөлігіне айналып отыр.

Балық популяциясының күрт азаюы салдарынан Мексиканың төменгі Калифорния тұрғындары ерекше қадамға барып, балық аулауға шектеу қойды.

Автор: Эрик Ванс фото: Томас П. Песчак

Күннің шығуына жарты сағат уақыт бар. Жағалаудан толқынның түсі қап-қара болып көрінеді.

Пунта Абреохостағы жаға бастығы кеңсесінде балықшылар тобы жайғаса демалып жатыр. Мексикадағы Баха Калифорния түбегінің ортасында орналасқан осы ауылда бүгін адамдардың көңіл күйі көтеріңкі. Ол түсінікті де – бүгін галиотис (теңіз құлақшасы) аулау маусымы ашылады. Себебі бұл күнді тұрғындар жыл бойы асыға күтеді. Негізінде маусым төрт ай бұрын ашылған, бірақ Пунта Абреохостың ерекшелігі сол – олар өз-өздеріне серт беріп, тыйым салған. Үкімет галиотис аулауға қаңтар айында рұқсат еткенімен олар «сүйікті жұмыстарына» тек сәуірде ғана кіріседі. Соның себебі де жоқ емес, бұл аралықта галиотистер ет жинайды, салмақ қосады.

Мен ең жасы елуді еңсерген үш балықшымен Тынық мұхитына шықтым. Кейін аңдасам әлгі үшеуінің бала күнінен жұптары жазылмапты. «Тұлпар» моторды басқарады, «Көртышқан» галиотис қапшықтарын шығарып дайындаса, үшіншісінің лақап аты «Балық» екен. Ол – әрине, сүңгуірдің (олардың шын есімдері Порфирио Зунига, Эдуардо Лиера және Луис Арсе, бірақ мұнда ешкім оларды олай атамайды) қызметін атқарады.

Сүңгуір Калифорния шығанағында Кабо Пулмо жанында үлкен көзді каранкс балығымен бірге су астында. Шығанақтың маржан кедертастары балық аулауға тыйым салынған аймаққа айналғалы бері ондағы биомасса үш есеге дейін артты.

«Балықтың» көңіл күйі ерекше: ол жуырда ғана Калифорнияда сөрфингпен айналысып, гольфты армансыз ойнап келген. Ол сүңгуір костюмін киіп жатқанда достары оған әзілдеп тиісіп қояды. Күннің тас төбеге көтерілген шағы, судың қара түсі көгілдірге ауысқан. Балық аулайтын жерге келгенге дейін «Тұлпар» қа­йықты галиотистер су астынан көтерілетін рифтің үстіне апарып тоқтатты. «Бұлар – жасыл галиотистер, – дейді «Көртышқан», – олар дайын болғанға дейін кемінде әлі бір ай уақыт қажет».

Бірнеше шақырым жүргеннен кейін «Балық» суға секірді. Екі сағат ішінде ол аулау лимитін толтырып, екі езуі екі құлағына жеткен күйі өсіп-жетілген галиотис толы қапты жоғарыға алып шықты. Бүгінде мексикалықтар болсын, басқа да дамушы елдердің балықшылары болсын, қоры түгесілген су бассейндерінің «түбін қырып», жоқтан бар жасауға тырысуда. Алайда олардың алдағы маусымға оптимистік көзқараспен қарауларына не себеп? Қалайша олар жаңа гаджет сатып ала алады немесе элиталық гольф алаңдарына қалай ғана барып, демалып жүр?

Қаладағы балық аулау кооперативі 1948 жылы құрылған және басқалар секілді мүмкіндігінше мол өнім жинауға тырысқан. Бірақ 1970 жылдардағыдай бірнеше мардымсыз маусымнан кейін балықшылар теңіз шаянын (және кейіннен галиотистерді де) аулап дереу пайда табудан гөрі, ұзақмерзімдік кіріске көшу жөнінде шешім қабылдаған болатын.

Төменгі Калифорниядан 260 шақырым қашықтықта Гуадалупе аралы табиғи қорығында ақ акула жүзіп жүр. Бұл аймақ тұнық суда сүңгуді ұнататын туристерді магниттей тартады. Төменгі Калифорнияда экотуризм Мексика қазынасына жүздеген миллион доллар құяды.

Бүгін Абреохос пен осы стратегияны ұстанатын кейбір ниеттес жандар Мексика су бассейндеріндегі галиотистің 90 пайызын аулау мүмкіндігіне ие. Абреохостағы үйлер жаңадан боялған. Теңіз шаяны мен галиотис заманауи цехтарда консервіленіп, тікелей Азия нарығына жөнелтіледі. Қаланың су бассейндері аумағы радар жүйесі іске қосылған катерлер мен ұшақтар арқылы қорғалады. Зейнетке шыққан балықшылар тұрақты зейнетақы алады.

Бұл жетістіктің ең жарқын үлгісі 67 жастағы Закариас Зунига деуге негіз бар. Оның әкесі күндік өнімін әрең тауып жүрсе де кооперативтің қалыптасуына көмектесті. Зунига консервілеу цехында істейді. Кооператив берген оқу гранты арқасында оның ұлы ғылым профессоры деңгейіне жеткен.

«Бәріміз жұмыс істейміз әрі бәріміз де – қожа­йынбыз», – дейді ол.

Айтпасқа болмас, бүгінде әлем бойынша балық аулау кәсібі дағдарысты бастан кешуде. Десек те, Мексиканың солтүстік-батысындағы кейбір елді мекендер өз суасты ресурстарын сақтап қалуға тырысуда. Осы микро-қорғау аймақтары елді мекендер тарапынан немесе олардың қолдауымен пайда болғанын айта кету керек. Мұны көптеген табиғат жанашыры «тиімді қорғау кілті» деп бағалайды.


«Журналистік селқос­тық» деген түсінік бар. Бірақ кішкентай кит сіз отырған қайыққа таяп келіп, еркелегендей қылық танытқанда, бәрін ұмытады екенсіз.


Баха Калифорнияның балық аулау өнеркәсібі тарихы өрлеу мен құлдыраудан құралған шежіредей. Жазушы Джон Стейнбек осы түбекке 1940 жылы келген екен. Оның мұндағы биоалуандықтан «басы айналды». Алайда арада бір-екі он жылдық өткенде адамдар  судағы жабайы табиғатты ойрандап, теңіздің түбіне де жетті. Осыдан кейін олар тунец пен алабұғаны айтпағанда, тасбақа, акула, т.б. теңіз жәндіктеріне де азық деп қарауға көшті.

Мексика үкіметі жағдайды одан әрмен ушықтырып, ондаған жыл бойы жұмыссыздарды балықшы болуға ынталандырды. Баха Калифорнияның оңтүстігінде «дара-ковбой» мәдениеті сақталып отыр.

Октавио Абурто Эспириту Санто аралы маңында сүңгіп жүр. Теңіз биологі табысты қорықтар сырын зерттейді. «Халық қоршаған ортаға тікелей әсер етеді. Табиғатты қалпына келтіру үшін жауапкершілік сезімін ояту аса маңызды», – дейді ол.

«Адамдар жеке-дара жұмыс істеп үйренген, – дейді Октавио Абурто, – себебі олар үкіметтен еш нәрсе күтпейді».

Он шақты жыл өткенде аймақта балық аулау кәсібі тұралап қалды. Кейбір жерлерде ресурс­тарды сақтау жолдарын ойластыра бастады. Соңында олардың идеясы басқаларына тарады.

Осы табысты тәжірибе нәтижесінде жұртшылық қолдаған бес ереже пайда болды. Біріншіден, Абреохос сияқты жерлер барынша оқшауланды. Екіншіден, жұртшылық құны жоғары ресурсқа ие болды. Үшіншіден, мықты, көреген, көсем басшылар шықты. Төртіншіден, балықшылар ресурстар толығып жатқан кезде аш қалмаудың жолдарын да ойластыр­ды. Ал соңғысы – қоғам мүшелері бір-біріне сеніммен арқа сүйеді.

Төменгі Калифорнияда бірнеше елді мекен осы ережелердің маңыздылығын көрсетіп отыр. Құны жоғары ресурстың ауыз толтырып айтарлық бір мысалын жағалаудан 30 шақырымда орналасқан Лагуна Сан Игнасиода көзбен көріп, қолмен ұстауға болады.

Жергілікті аңыз бойынша 1972 жылы Франциско «Пачико» Майорал өзінің әдеттегі жағалаудағы орнында балық аулап отырған. Сұр киттер өздеріне таяу жүзіп өткен қайықтың ескегін ұрды. Ол кезде жұрттың барлығы сұр китті қауіпті мақұлық деп санайтын. Сол уақытта олардың бірі қайыққа таяп келгенде Майорал оны ұстап көруге ұмтылады. Сонда кит ешбір қарсылық көрсетпестен жылтыр әрі кедір-бұдыр терісін сипап көруге рұқсатын берген екен. 1980 жылдардың аяғына таман Майорал мен басқа да балықшылар киттерді көрсету үшін туристерді топ-тобымен теңізге әкеле бастады.

Ал бүгін сол китті тамашалау – аймақтағы ең маңызды экономикалық қызметтер қатарында. Қызығы сол, сұр киттер мен олардың төлдері әлі де қайықтарға жақындағанды «ұнатады» және оның себебін ешкім дөп басып айта алмайды.

Адамдардың бұл кәсіпті жолға қоюының өзі таңдай қақтырады. Оңтүстіктегі Баха де Магдаленаға қарағанда (ол жерде қорғаушылар жануарларды үздіксіз бақылайды) Сан-Игнасиода судағы қайық санына (16–дан аспауы керек) шектеу қойған. Китті тамашалау маусымында жағалауда балық аулауға тыйым салынған, сондықтан киттер жайбарақат жүзе береді.

Скат үйірі Эспириту аралы жанында планктонмен қоректеніп жүр. 90-жылдары теңіз өніміне деген сұраныстың өсуімен олардың саны күрт азайып кетті. Содан бері қолға алынған шаралар көптеген су жәндігі популяциясының артуына септігін тигізді.

Осы табиғи сағаны қорғау балықтар мен омыртқасыз жануарлардың тіршілік ортасын да сақтайды. 1990 жылдардың ортасында Mitsubishi компаниясы шағын мүйіс ернеуі маңайында тұз өндіруші фабрика салмақшы болады. Сол кезде жергілікті тұрғындар экологиялық ұйымдардың көмегімен жобанының жүзеге асуын тоқтатқан.

Туристер толы шығанаққа қарай бет алдым. Бізді теңіз бетіне алып шыққан балықшы Роберто Фишер китке қол тигізуімізге, тіпті оны көруге де еш кепілдік жоқ екенін ескертті. Киттер бізге қарай өздері келмесе, олардың артына түсіп, аңдуға болмайды. Себебі бақылаушы жүздеген метр жерден біздің әр қимылымызды қарап тұрды. Бір уақытта кенет киттің тұмсығы көрінді.

«Мен көріп тұрмын! Сен көрдің бе?» – деп бір турист айғайлап жіберді. Аналық сұр кит болса біздің кім екенімізді білмек болып қа­йыққа мейлінше жақындай түсті. Ал китті өте жақыннан көрген туристерде ес жоқ, таң-тамаша боп көргендерін қызықтауда.

«Бұл – кит сорпасы!» – дейді Фишер. Бірақ кішкентай кит сіз отырған қайыққа таяғанда мен оның жұмсақ, бұдырлы терісін сипағанымда ол аузын ашып тіліне қолымды тигізгенге қарсы емес екеніндігін білдірді.

Теңіз табиғатын сақтаудағы үшінші ереже – көреген басшының болуы.

«Біз рифке экожүйе деп қана емес, өз бақшамыздай қарадық, – дейді қауым көшбасшысы Джудит Кастро.

1990 жылдардың басында Кастроның ағасы балықшы Марио және малтушы Тито Михарес Кабо Пулмо балықшыларын теңіз қорын сақтау бойынша нақты шешім қабылдауға шақырды. 1995 жылға қарай 71 шаршы шақырымдық алаңның басым бөлігінде балық аулауға тыйым салынып, заңды қорық пайда болды. Бұл – өңірдегі заң талабы қатаң сақталатын жалғыз аймақ. Оның аумағы үлкен емес, бірақ мұхит тірлігін жаңғырту үшін соншалық көп орын қажет те емес екен. Бүгін Кабо Пулмо ұлттық саябағында биомасса 2000 жылмен салыстырғанда 2-3 есе көбейген, ал бойына қан жүгірген экономика қазір сүңгу туризміне негізделіп отыр.

Баха Калифорния су бассейні 1940 жылдары ерекше бай еді. Бірақ кейінгі он жылдықта адамдар теңіздің бетін қо­йып, түбін де сарқып үлгерді.

Туризм моделін дамытудың бұл жолы қауіп төнген экожүйені сақтап қалуға зор септігін тигізіп келеді. Өкінішке қарай, балықшылар ауылдарының барлығында бірдей мұндай мүмкіншілік жоқ. Оның үстіне, туризмді дамытудың бұл тәсілі жұмыс орнын көптеп ашады деуге тағы келмейді. Мәселен, Сан Игнасио қалашығында 200 адам ғана осы жұмыспен қамтылған және қызметтің бұл түрі тек бірнеше айға ғана созылады. Одан кейін олар қайтадан балық аулауға шығады.

Табиғатты сақтау ісі тиімді орындалуы үшін балықшылар ресурстардың толығу кезеңінде ақша табудың басқа жолдарын қарастырулары қажет. Осы мақсатта Ла Паз қаласымен шекаралас өзен сағасындағы Эль-Манглито тұрғындары әрі маңызды, әрі қызықты стратегия қабылдады.

Бір кездері балықшылар ұлу-устрицаларды қаланың батысындағы кең әрі таяу шығанақтан шектеусіз аулайтын. 2009 жылға қарай олар ауланатын өнім көлемін біршама азайтты. Ла Паз қаласындағы Noroeste Sustentable коммерциялық емес ұйымының қаржылай қолдауымен балықшылар балық аулауды доғарып, өз ресурс­тарын басқаруды қолға ала бастады. Оларға браконьерлердің жолын кесу және ұлуларға биологиялық зерттеу жүргізулері үшін қаражат бөлінді. Алғашқы зерттеу қорытындысы бойынша ұлу саны 100 мың болса, қазірде олардың саны 2,3 милионнан асып отыр.

«Бұрын бізді «табиғатты құртушылар» деп айыптайтын, қазір олай емес. Теңіздің бізге бергені аз емес. Енді бізден де қайтарымы болуы керек», – дейді балықшы Антонио Мендез.

Мұхит тіршілігі – Баха Калифорния тарихының ажырамас бөлігі. Сьерре-де-Сан-Франциско тау жотасында салынған скат, акула, дельфин, тунец және итбалықтардың суреттері испандықтарға дейінгі мәдениеттердің сарқыншағы болып қалған. Бүгін бұл жануарлар Мексиканың Ревилья-Хихедо архипелагіндегі табиғи қорықтарда маңызды рольге ие. Сүңгушілер ол жерде скат мантасын «тазалап» жүрген «теңіз періштесін» көре алады.

Эль Манглито тұрғындары мен «Нороэсто Састенабл» ұйымы балық аулау кәсібін жандандыру жолында аз жұмыс істеген жоқ. Бұнда ең маңыздысы – ресурстарды қорғау және бағалаумен айналысатын балықшылар ұлулар ұрық шашатын кезеңдерде жалақы алып тұрды. Тұрақты табыс тауып тұрған олар жай балықшыдан кәсіби табиғат қорғаушыға айналды.

Соңғы ереженің, бәлкім, орындалуы да қиын шығар. Табиғатты қорғау ісі тиімді орындалуы үшін қоғам болып «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару керек».

Баха Калифорнияның ауылдық жерлерінде көршінің сеніміне кіру – қиынның қиыны, бірақ сенімге кіруге де болады. Қалай десек те, Ла Паз қаласында орналасқан Niparajá табиғат қорғау ұйымы осыған бәс тігіп отыр.

Niparajá жұмысын бастаған кезде балық аулау кәсібін басты мақсат етіп қоя алмады. Оның орнына олар футбол турнирлерін ұйым­дастырды. «Сенім ұялатуды жолға қалай қоймақсыз?» – деп сауал тастайды бағдарлама үйлестіруші Эми Нудсон Вибер. «Сіз әңгімені балықтан бастамауыңыз керек. Бұлар аяқтан шалар ма екен, әлде ойын ережесін сақтай ма? Бұларға сенуге бола ма – сіз осыны ойлауыңыз керек».

Кішкентай ауылдарда футбол турнирлерін ұйымдастырудың арқасында балық аулау тоғандарын қызғыштай қорғайтын ауылдықтар арасында сенім пайда бола бастады. Осыдан кейін Niparajá балық аулауға тыйым салу философиясын түсіндіру үшін кейбір балықшыларды Кабо Пулмо қалашығына апарды. Ақырында жылдарға созылған талқылаудан кейін ол жерлерде бес жыл бойы балық ауламауға келісілді. Учаскелердің аумағы да үлкен емес, ең үлкенінің өзі бар болғаны жеті жарым шаршы шақырым ғана. Ал бірақ оның тиімділігі аса жоғары.

Гуадалупе аралы маңында солтүстік теңіз піл итбалығының күшігінің назары камераға түсті. Ал басқа күшіктер жақын арада ойнап жүр. Құрылған қорықтарда бір кездері жойылуға шақ қалған жануар түрлері қайта түлей бастады.

Қорларды қадағалау бойынша Niparajá тамаша идея ойлап тапты. Жыл сайын олар қаладан төменге қарай жүз шақырым қашықтыққа созылып жатқан дәлізге сапар шегу үшін зерттеу кемесін жалдайды. Кемеге студенттерді, ғалымдар мен әр ауылдың балықшыларын ерте шығады.

Біз құламалы жерасты суының ылдилау жеріне таяу келіп, суға күмп бердік. Мен балқшылардың  не айтқылары келгенін түсінемін. Сансыз қуыс-тесіктер – тіршілік ету үшін мінсіз мекен. Рондеро орама өлшеуішін шығарып, лентасын 30 метрге созып, қыстыр­ғышпен оның ұзын бойына жүзе отырып, бір жағынан – балықтарды, екіншіден, омыртқасыз жануарларды санайды. Содан соң отырып көзі көрген барлық балықты санай бастады.

Баха жұрты мұхит ресурстарымен жан бағу үшін түрлі стратегиялық жолдарды пайдалануда. Кейбірі – туризмге арқа сүйейді, Баха-де Магдалена шығанағындағы балықшылар солардың қатарынан. Олар түрлі акула, кит, балық, суға сүңгитін бірқазандарды көру үшін туристерді теңізге қыдыртады. Ал солтүстікте орналасқан Пунта Абреохос мекенінің адамдары галиотис және су шаяны секілді құнды өнімді алу үшін ресурстарды тиімді басқарып отыр.

Есеп көңіл көншітпейді: азғантай ғана балықтың түрлері мен санаулы теңіз кірпісі. Судан шыққан бойда Рондеро осы балық аулауға тыйым салынған аймақ кішкентай екендігін. және жақында ғана белгіленгенін айтты. Ол бұдан үлкенірек учаскелерде бір-екі жылда ғана биотүрлілік артқанын көрген.

Расында, бұл зерттеулер өте маңызды. Жер бетіндегі ең ірі қорғалатын аймақ теңізде орналасқан, ал мұхит тіршілігі олардың шекараларымен шектеседі. Алайда қандай тіршілік иелері үздік экологиялық көрсеткішке ие? Жақын маңдағы қорықтар қаншалықты аумақты алуы тиіс?

Көз тоймас сұлу жағалауға тесіле қараған Рондеродан: «Қызыңыздың балықшыға тұрмысқа шыққанын қалар ма едіңіз?» – деп сұрадым. «Жоқ, – деді ол, – мен оның теңіз биологі болғанын қалаймын».

Табиғат қорғау ісі дамуы үшін қоғамда өзара түсіністік болуы шарт.Адамдардың сеніміне ие болу өте қиын, бірақ мүмкін емес деуге келмейді.

Эрик Ванс, Мехико қаласында тұрады және қоршаған орта туралы жиі жазады. Томас П.Песчак Галапагос аралдарының суретін түсірді.

Ас әзірлеудің азабы

$
0
0

Гуатемаланың Хокотенанго қалашығында тұратын Роза де Сапета: «Гуманитарлық көмек арқылы ашық отты пешімді таза пешке ауыстырғалы асүйге балаларым да емін-еркін кіре алатын болды», – дейді.

Әлемде үш миллиардтан астам адам ашық, яки жартылай ашық отқа тамақ пісіреді. Мұның қоршаған орта мен адам денсаулығына келтіретін зияны да көп.

Автор: Мишель Ниджхуис Фото: Линн Джонсон

Жексенбінің таңы. Орталық Гуатемаладағы Сан-Антонионың Агуас Калинтес қалашығында Эльбия Перез бен оның әпкесі, қыздары мен 18 айлық немересі дастарқанды алқалап отыр. Үстел үстінде – іші толы үлкен ыдыс. Жұқалай кесіліп, ет пен жолжелкен жапырағына оралған күнбағыс қамыры буға пісіру үшін дайын тұр. Бөлме іші әзіл-қалжың мен түтінге толып кетіпті. Көз ашытар өткір иісті көк түтін кеудедегі жөтелді шаншып оятатындай.

Мәселе бұл үйде дені дұрыс пештің бар-жоғында емес. 45 адамдық отбасының қабырғасы алюминий қаңылтырмен қапталған асүйінде бір емес, үш пеш тұр. Бірақ екі пілтелі газ плитаның отыны таусылған. Ал Перездер отбасында оны қайта толтыратын мүмкіндік жоқ. Халықаралық көмек қоры берген пеш қазан қоюға тым кішкентай. Сондықтан Перез сол баяғы ескі, қираған кірпіштен қаланған ағаш пешіне от жақты. Ол бұл пешті шамамен айына бір рет жағады. Пештен шыққан түтіннен асүй көрінбей қалса да, бұған ешкім мән бермейді. Себебі бұл аш қалуға қарағанда жақсырақ.

Гуатемаладағы Антигуа қаласының маңы. Сегіз айлық баласын көтерген Ангелика Эпатал Гарсиа қолдан жасалған пешке от жағуда. Әр от жаққан сайын отын жинауға кемінде 45 минут кетеді. Екі жыл бұрын Кимберли Галиндо үйіндегі ашық пешке қатты күйіп қалды. 10 жасқа келген қыз тыртығын көрсетпеу үшін әлі косметикалық ота мен физикалық терапиядан өтіп жүр.

Әлемде үш миллиардтай адам ашық немесе жартылай ашық пеште ас дайындап, үйлерін жылытады. Ондағы түтін тез сейілгенімен, адамға тигізер зардабы аз емес. Әдеттегі ас пісіру кезінде 400 шылымнан бөлінетіндей түтін шығады. Дамушы әлемде ыс жұту салдарынан болатын аурулар бойынша беске дейінгі балалар мен әйелдер арасында өлім көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Отыны дайын тұрғанның өзінде адамдар от жағу үшін аптасына шамамен 20 сағат уақытын жұмсайды.

«Таңертең өкпеміз түтінге толатын еді», – деп есіне алады Гуателама ауылдарының бірінде өскен Марко Тулио Гуерра. Оның ағасы бала кезінде пешке қатты күйіп қалыпты.

От жағу үшін отын керек. Ал мұның жасыл желектің азаюына әкеп соқтыратыны белгілі. Оған оттан бөлінген көмірқышқыл газын қосыңыз. Оның климат өзгерісіне мысқал да болса әсер етері сөзсіз.

1970 жылдары Гуатемалада болған ірі жер сілкінісінен кейін елге келген халықаралық гуманитарлық көмек ұйымдары ашық пешпен күнелткен елдің ахуалына куә болған.

Жаңа сары пеш жақсы, бірақ Этельвина Перез үшін дәу қазанда тамақ жасауға болатын бұрынғы ашық пеш ыңғайлы. Перездердің 45 адамдық үлкен отбасы қарапайым ғана үйде тұрады. Төменде: Мария Гарсиа Круз газ плитасы бар үйде өсті, бірақ күйеуі Венансио Хуарездің оны сатып алуға жағдайы жоқ. «Мен бұған үйрене алмай-ақ қойдым», – дейді ол. Балаларының тыныстауы қиындап кеткен.

Үй тірлігіне толық сай болуы үшін пеш те, оның отыны да қолжетімді және пайдалануға жеңіл болуы керек. Бұл екеуіне бірден қол жеткізу оңай шаруа емес. Сондықтан жаңадан алған пешінде пісірілген ас дәмсіз болып шықса, адамның көңіл күйін түсінуге болады. Халықаралық қоршаған ортаны зерттеушілер тобында істейтін гуатемалалық Экспедита Рамирез бұл мәселеде сыншыл әжелердің «басты қарсылас» екендігін айтады.

Алайда әжелер де жаңалықтарға көндіге алады. Гуатемаланың батысындағы таулы өңірде Рамирездің үлкен әжесі Евгения Веласкуез Орозко тұрады. Ол үйіндегі ашық-шашық пешіне мұржа қойылып, қолқаны қабар қою түтіннен құтылған күнді еш ұмытпайды. Қазір оның шөбере келіні газ пешіне бой үйретіп келеді. «Мен бәлкім, бұған да көндігіп кетермін», – дейді Веласкуез езу тарта.


Грант бөлуші – Пулицер дағдарыс орталығы.

Кішкентай плитаға қажетті пропан газын сатып алу үшін Роза Висенте Гарсиа мен оның жолдасы Гуатемала қалалық полигонында екі-үш күн жұмыс істеуі керек. Төменде: жеті жасар Таня Лопез қабырғалары ескі ашық пештің түтінінен қарайып кеткен бөлмеде мысығымен ойнап отыр. StoveTeam International ұйымы ұсынған жаңа плита пайдалануға тиімді әрі қауіпсіз.

Шартарапқа шапағаты тиген шағын ел

$
0
0

Нидерландының Вестланд аймағындағы «жылыжайлар әлемінің» ортасында тұрған фермер үйі. Голландықтар – аштықпен күресте тыңнан түрен салған әлемдегі көшбасшы елдердің бірі.

Голландия – ауыл шаруашылығында сілкініс жасап отыр

Автор: Франк Вивиано, фото: Лука Локателли

Нидерландының Бельгия­мен шекараласатын аймағы маңындағы картоп алқабы. Голландтық фермер Якоб ван ден Борне басқару панелінде отыр­ған алып комбайнның кабинасы құдды Enterprise ғарыш кемесіне ұқсайды.

Жерден үш метр биіктікте орналасқан орындығынан ол екі дрон аппаратын басқаруда. Алқапты өз бетімен кезіп жүрген трактор мен әуедегі квадрокоптер топырақтың химиялық құрамы, ылғалдылығы мен нәрлі заттар турасында түбегейлі ақпарат жинап, әр өсімдік пен әр картоптың өсу қарқынын есепке алады. Ван ден Борненің мол өнім жинауы осы бір «нақты егіншілік» әдісінің нәтижесі екендігі күмәнсіз. Егер әлем бойынша орта есеппен әр гектардан 20 тонна картоп жиналса, Ван ден Борне өз алқабынан тұрақты түрде 47 тонна өнім алады.

Мұндай мол кірістің еселене түсуі баланс­тың екінші жағы – шығыспен тікелей байланысты. Шамамен, осыдан жиырма жыл бұрын голландтықтар ауыл шаруашылығын оңтайландыру мақсатында «ресурсты екі есе азайта отырып, өнімді екі есе көбейтейік» ұранын алға тартқан ұлттық міндеттемені мойнына алды. 2000 жылдан бері қарай Ван ден Борне мен оның көптеген жас әріптесі негізгі дақыл саналатын өнім түрлерінің суға деген қажеттілігін 90 пайызға дейін шегерді. Олар жылыжайдағы өсімдіктерге қолданылатын химиялық пестицидтерді түгелге жуық қолданыстан шығарса, мал мен құс етін да­йындаушы голландтық фермерлер 2009 жылдан бері қолданыстағы антибиотиктерді 60 пайыз­ға дейін қысқартқан.

Голланд шаруалары үшін тауыққа деген сұраныс күн санап өсуде. Балапанды басудан сойғанға дейінгі бүкіл процестерді қамтитын жоғары технологиялы мына бройлер фабрикасында 150 мыңға дейін құс өсіріледі.

Оларға тағы бір риза болатын себеп: Нидерланды – бір шаршы шақырым жерге 500-ден астам тұрғын келетін халқы тығыз орналасқан шағын ел. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін үлкен ауқымда өндіруге қажетті ресурстар атымен жоқ. Десе де, Нидерланды – доллармен есептегенде, азық-түлік экспорты бойынша Құрама Штаттардан кейін екінші тұрған ел. Ал АҚШ-тың жер көлемі ол елден 270 есе үлкен. Сонда деймін-ау, голландтықтар мұндай нәтижеге қалай қол жеткізіп отыр?

Биіктен қарасаңыз, жан-жағы шулы шаһарлар мен шағын қалашықтарға толы, егістік даласы мейлінше шағын Нидерланды азық-түлік өндіретін үлкен елге ұқсай қоймайды. Мұнда жердің жартысынан көбі ауыл шаруашылығы мен бау-бақша өсіруге пайдаланылады.

Ұзаққа созылып жатқан айна іспетті жолақтар күндіз күн сәулесімен шағылысып жарқ-жұрқ етсе, түн қараңғысында әйнек ішіндегі тылсым жарыққа телміртіп қояды.

Климаты бақыланатын бұл жылыжайлар Солтүстік Поляр шеңберінен бар-жоғы 1600 шақырым қашықтықта орналасқан Нидерландыны қызанақ экспорттаудан әлемдегі көшбасшы елге айналдырып отыр. Ал қызанақтың арнайы бап тілейтін өсімдік екені әмбеге аян. Голландықтар картоп пен пияз өндірісі бо­йынша әлемде – жетекші, ал көкөніс экспорттау бойынша – екінші орында. Дүниежүзі бойынша сатылатын көкөніс дәнінің де үштен бірі Нидерланды елінде өсіріледі.

Мұндай таңғажайып жетістіктің «ақыл иесі» саналатын Вагенинген университеті мен Ғылыми-зерттеу орталығы (ВУЗО) Амстердамнан оңтүстік-шығыс бағытта 80 шақырым жерде орналасқан. Әлемдегі жетекші ауыл шаруа­шылығын зерттеу институты болып танылған ВУЗО ауыл шаруашылығы технологияларының стартаптары мен тәжірибе алаңдарының ауқымды кластеры саналатын Азық-түлік жазығының орталығы болып табылады. Калифорнияның Силикон жазығы сияқты лайықты атауға ие болған Вагенинген ғылым мен кәсіпкерлікті әдемі ұштастыруымен аты шыққан Стэнфорд университетінің дәстүрін жалғастыруда.

Жасанды жарық атыздары Нидерландының жылыжайлар астанасы саналатын Вестландқа тылсым бір аура сыйлайды. Мынау сияқты климаты бақыланатын фермалар дәнді дақылдарды кез келген күн райында тәулік бойы өсіре береді.

ВУЗО-ның Өсімдік шаруашылығы тобында басқарушы директор болып жұмыс істейтін Эрнст ван ден Энде Азық-түлік жазығының аралас әдісін жүзеге асырады. Заманауи кафелердегі бариста тәрізді жұмыс істейтін атышулы ғалым ван ден Энде – өсімдік патологиясы бойынша әлемдегі беделді мамандардың бірі. «Мен тек қана колледж деканы емеспін. Менің «жарты денем» өсімдік шаруашылығында жүрсе, қалған «жартым» коммерциялық келісімшартпен жұмыс істейтін зерттеу жұмыстарына қатысты тоғыз түрлі шаруашылық субъектісін бақылап отырады», – дейді ғалым.  Оған сенсек, ғылым мен нарықты байланыстыра отырып қана біз алдымызда тұрған қиындықтарға төтеп бере аламыз.

Қиындығы несі? Ол жұлып алғандай: «Біз алдағы қырық жылда диқандар өткен сегіз мың жыл бойы жинаған өнімнен де көп өнім өндіруге тиіспіз», – деп салды қатулана.

Олай болатын себебі, 2050 жылы Жер бетінде тіршілік ететін адамдардың саны бүгінгі 7,5 миллиардтан 10 миллиардқа дейін өспек. Егер ауыл шаруашылығынан түсетін өнім көлемі  өсіп, керісінше, су мен қазба байлықтарды тұтыну көлемі азаймайтын болса, миллиардтап, тіпті одан да көп адам аштыққа ұшырауы мүмкін. Аштықтың ХХІ ғасырда ең өзекті мәселе болып қалу ықтималдығы жоғары. Ал Азық-түлік жазығындағы стратег мамандар аталмыш мәселенің инновациялық шешімін тапқандарына күмән келтірмейді. Ван ден Энде: «Жаппай аштықтың алдын алу жолын таптық», – деп бізді сендіріп бақты. Оны мұндай оптимистік ойларға жетелейтін күш – ВУЗО­-ның 140-тан астам мемлекет пен алты құрлықтағы үкімет пен университеттер бірге талқылап, жүзеге асыруға ниет етіп отырған мыңдаған жобасы.

Қызу пікірталас, статистика, түрлі болжам ортаға салынған Ван ден Эндемен арамызда Африкадағы қуаңшылық жайында өрбіген әңгіме бәрімізді алаңдатып отыр. «Су – негізгі проблема емес. Проблема – топырақтың құнарсыздығы. Қоректік заттардың орнын белгілі бір бактериямен бірге жетілдіріп, өз тыңайтқышын өздері өндіріп шығаратын өсімдіктерді өсіру арқылы толтыруға болады. Малға қажетті дақылдың бағасы аспандап кетті ме? Одан да олар шегіртке жесін, – дейді ол. – Есесіне, бір гектар жерден мал бір жыл жейтін бір тонна соя ақуызын аласыз. Осы көлемді жер 150 тонна жәндік ақуызын өндіріп шығара алады».

Siberia B.V-дың жабық ғимараттары көкөніс өсіруге барынша қолайлы. Мұндағы бір гектар жерге шығатын ассүттіген көлемі далада өсетін төрт гектар жердің өнімінен асып түсіп химикаттарға деген қажеттілікті 97 пайызға жояды.

Әңгіме енді климаты бақыланатын жылыжайлардағы культивациялық процестердің 24 сағат бойы жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін жарықдиодты шамдардың қолданысы турасына көшті. Біз, осылайша, «тұрақты ауыл шаруашылығы дегеніміз – адам баласының табиғатқа мейлінше аз араласуы» деген ағат түсінікке қайта айналып келдік.

«Бали аралына қараңызшы!» – деп айғай салды ол. Оның диқаншылары берісі мың жыл бойы үйректер мен балықтарды күріш алқабында өсіріп келеді. Бұл – адам қолымен жасалған тау террасаларының өн бойындағы қым-қуыт каналдар арқылы суарылатын, өздігінен жұмыс істеп тұрған тұтас бір азық-түлік жүйесі.

«Тұрақтылықтың үлгісі – осы», – деді Ван ден Энде.

Нидерландыда тұрақты ауыл шаруашылығының болашағы жер-жерде көрініс таба бастады. Әлбетте, олар үлкен корпорациялардың мәжіліс залдары емес, мыңдаған шағын отбасылық шаруашылықта орналасқан. Сіз оны өз көзіңізбен көргіңіз келсе, онда Тед Дюивестин мен оның Питер, Рональд және Ремко атты бауырларының жердегі жұмағына келіңіз. Балилықтар іспетті ағайынды Дюивестиндер де адам ақыл-ойы мен табиғат құдіретінің балансына негізделген, өздігінен жұмыс істейтін азық-түлік жүйесін қалыптас­тырып шықты.

Дюивестиндердің ежелгі Делфт қаласының маңындағы 14,5 гектар жерді алып жатқан жылыжай кешеніне жиналған жұрт биіктігі алты метр қою жасыл қызанақ сабақтарының арасында жүр.  Топыраққа емес, базальт пен жұмсақ әктастан құралған талшыққа отырғызылған өсімдік қызанақтан басын көтере алмай тұр. Қызанақтың 15 түрі өсірілетін мұнда ең дәмді дейтін қызанақ бар. 2015 жылы бау­бақша сарапшыларынан құралған халықаралық қазылар алқасы Дюивестиндерді әлемдегі ең жаңа қызанақ түрін өндіруші деп тапқан.

Қызанақтың жақсы өсуіне LED жарықтарының жоғарыдан, жанынан, әлде екі жағынан түскенінің қайсысы тиімді? Ботаник маман Хенк Калкман Блейсвиктегі Делфи жетілдіру орталығында осы сұраққа жауап іздеуде. Ғылым мен кәсіпкерлікті қатар алып жүру голланд инновациясының өзегі саналады.

Дюивестиндер 2004 жылы 70 жылдық тарихы бар шаруашылықтарын жаңа жерге ауыстырып, қайта құрылымдағаннан кейін барлық сала бо­йынша өз-өзін қамтамасыз етуге көшті. Олар қуат көзі мен тыңайтқышты айтпағанда, өнімді тарату мен сатуға қажетті қаптау материалдарының қай-қайсысын да өздері өндіретін болды. Жылыжайдағы өсімдіктердің жыл бойы қалыпты температурада болуын Нидерланды жерінің кем дегенде жартысын қамтып жатқан геотермалды сулардан бөлінетін жылу қамтамасыз етеді.

Өмір, я өлім сұрағына жауап іздеу Нидерландыдағы ең инновациялық компаниялардың біріне кәдімгідей серпіліс берді. Осыдан жарты ғасыр бұрын қияр өсірумен айналысқан Ян Копперт зиянкестерді өлтіру үшін улы химиялық аэрозоль қолданатын. Содан дәрігер оның улы химикаттарға аллергиясы бар екенін анықтағаннан кейін Копперт жәндіктер мен өрмекшітәрізділердің табиғи жауы туралы барша ақпаратты жинап бақты.

Бүгінде Копперт биожүйелері әртүрлі ауру зиян­ кестермен биологиялық жолмен күресу саласында әлемдік көшбасшы саналады. Құрамында 1330 қызметкер мен 26 халықаралық бөлімшесі бар ол өз өнімдерін 96 мемлекетке сатып отыр. Копперттің фирмасы сізді өсе келе қара күйемен аяусыз шайқасатын қанқызының дернәсіліне тола мақта-мата қабымен қамтамасыз ете алады. Әйтпесе, ішінде өсімдіктегі өрмек кенесін ұстап жұтатын 2000 таскенесі бар құмыраға қалай қарайсыз? Болмаса,  саудаға шығарылған саңырауқұлақ атаулыға қарадай өш шыбын дернәсілдерімен аяусыз соғыс жүргізетін 500 миллион нематодасы бар қорап керек болар сізге?

Ян мен Гийс Ван ден Борн картоп үйіндісінің үстінде ойнап жүр. Екі есе көп өнім алудың сыры мынада: дрондар мен өзге құрылғылар әр өсімдіктің «денсаулығын» тексеріп, оның әрі қарай өсуіне қанша су мен қоректік зат керек екенін дәл анықтап береді.

Копперттің тынымсыз ара бейнесіндегі легиондары ішіп-жеп қана қоймай, тозаңдандыру һәм тыңайту процестерін де қатар алып жүреді. Жасанды тозаңдандырудың қандай түрі болсын, гүлден-гүлге ызыңдап қонып, аналыққа қажетті нектар жинай жүріп, жолындағы өсімдік атаулының түйінін тыңайтатын аралардың еңбегіне татымайды. Копперттің әрбір омартасы күніне жарты миллион гүлге қонады. Араның еңбегіне жүгінетін фермерлер жинайтын өнім көлемі мен жемістің салмағы 20-дан 30 пайызға дейін өсетінін айтып жүр және бұл жасанды тозаңдандырудан жарым есеге арзанға шығады.

Бүгінгі таңда нидерландыда ауыл шаруа­шылығындағы жоғары технологиялы сала болса, ол –тұқым инновациясы. Обалы нешік, ауыл шаруашылығының болашағы төңірегіндегі пікірталас мұнда қызып-ақ тұр. Өнім көлемін арттырып, зиянкестерге бой бермейтін дәнді дақылдарды көбірек өндіру үшін генетикалық түрлендірілген организмдерді дамыту мәселесі (ГТО) – басты тақырыптардың бірі. Сыншыларға сенсек, тірі организммен қалай болса солай тәжірибе жасау салдары күмәнді болғандықтан, ГТО Франкенштейн фильміндегі қателікті қайталауы әбден мүмкін.

2016 жылы 1,7 миллиард долларға жуық экспорт шығарған голланд фирмалары тұқым сату бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі саналады. Олар күні бүгінге дейін ГТО сатқан емес. «ГТО қатаң бақыланатын Еуропада жаңа тұқым түрін ойлап шығару жүз миллион доллар тұрса, оны зерттеп, дамытуға 12-ден 14 жылға дейін уақыт керек», – дейді KeyGene компаниясының қызметкері Арьен ван Тюнен. Керісінше, бөтен ген қолданбайтын мәртебелі молекулалық селекция ғылымындағы соңғы жетістіктер 5-10 жылдың ішінде айтарлықтай нәтижеге жетуі мүмкін. Зерттеу жұмыстары 100 мың доллар көлемінде болатын оның миллион долларға шығатын кезі өте сирек.

Тағы бір голланд өндірушісі Райк Цваанның тауар каталогі жоғары өнім беретін 25-тен астам жеміс-жидек түрін ұсынады. Олардың дені негізгі зиянкестерден табиғи түрде қорғана алатын қасиетке ие. Хелеен Бос – компаниядағы органикалық дәнді дақылдардың есеп-қисабы мен халықаралық зерттеу жобаларына жауапты адам.  Біз, әлбетте, Райк Цваанның жоғары технологиялы жылыжа­йында өсірілетін бағасы 0,5 доллардан төмен, бірақ 70 кило қызанақ беруге қауқарлы ғажап дақылы турасында айтады деп ойлағанбыз. Алайда ол басым көпшілігін балалар мен әйелдер құрайтын, ішіп-жемге жарымай отыр­ған жүздеген миллион адам жайлы сөз қозғады.

Вагенинген университетінің сүт цехында орналасқан айналмалы машина бір сағатта 150 сиырды сауып үлгереді. Қазір мұндағы мамандар халық тығыз орналасқан сүт шаруашылықтарындағы қиындықтармен күресу жолдарын іздестіруде.

Бос Азық-түлік жазығындағы көптеген кәсіпкер сияқты жағдайы төмен елдердің бірқатарында, қала мен даладағы шаруашылықтарда жұмыс істеді. 30 жыл бойы Мозамбик, Никарагуа мен Бангладеште ұзақ уақыт әртүрлі қызмет атқарған ол аштық пен жоқшылықтың аса қауіпті екенін бір адамдай біледі.

«Әлбетте, біз мұнда сіздер Нидерландыда көріп жүрген жоғары технологиялы шаруа­шылықты бірден іске асыра алмаймыз, – деді ол. – Алайда біз айтарлықтай өзгеріс әкелетін орта технологиялық жобаларды іске асыруға дайынбыз». Бос әсіресе салыстырмалы түрде аса қымбат емес, өнімділігі ашық алаңқайларға қарағанда үш есе жоғары пластик жылыжайларға назар аударуға шақырды. Ашық далада өсетін дәнді дақылдар зиянкестер мен қуаңшылыққа да қауқарсыз екені – айтпаса да түсінікті жайт.

Райк Цваан 2008 жылдан бері Танзаниядағы Килиманджаро тауының етегінде 20 гектарлық тәжірибе алаңында өсімдік өсірумен айналысады. Оның дақылдары өсу қарқыны, тазалық, зиянкестер мен ауруларға төзімділік қасиеттерін анықтау үшін Голландияға жіберіледі. Біріккен жобалар қазір Кения, Перу мен Гуатемалада қолға алынып жатыр. «Біз ғана дақылдарды сол жердің жағдайына қарай икемдеуге тырысамыз, – дейді Бос.

Ол: «Біз шағын бағбандармен олардың қажеттілігі, күн райы, топырақ жағдайы, баға турасында жиі-жиі төтенше маңызды әңгіме өткізіп тұрамыз», – деді.

Қызанақ өсіруші Яспер Оусорен табиғи газды жарыққа қажетті электрге айналдыратын генераторды тексеріп жатыр. Ол ыстық пен көміртек қостотығы сияқты жанама өнімді «ұстап қалу» арқылы жылыжайларды жылытып, өсімдіктердің өсуіне ықпал етеді.

Аштық пен тамақ жетімсіздігі қаупі төніп тұрған адамдарға деген голландықтардың алаңдаушылығы белгілі бір дәрежеде өз бастарынан өткен зобалаңнан да туындап жатыр: Нидерланды – аштық зардабын тартқан Батыс­тағы соңғы мемлекет. Екінші дүниежүзілік соғыс­тың соңғы жылында мұнда 10 мыңнан 20 мың адамға дейін көз жұмған. Арада ондаған жыл өткенде ВУЗО-да қызмет істейтін, тұрақты даму және азық-түлік қауіпсіздігі саласының құрметті профессоры Руди Раббинге факультет, студенттер құрамы мен оқу жоспарына түбегейлі өзгерістер енгізу арқылы институтты, өзі айтпақшы, голландтықтар ғана емес, әлемге арналған университетке айналдырды. Бүгінгі таңда ­ВУЗО-дағы оқу мен зерттеу процесінің басым бөлігі кедей елдердің проблемасына бағытталған.

Үштен екісін Ph.D кандидаттар құрайтын университет түлектерінің шамамен 45 пайызы – жүзден аса мемлекеттің өкілі саналатын шетелдік. Басым бөлігін қытайлар мен индонезиялықтар құрайтын азиаттардың саны университетте оқитын барлық еуропалықтардың (голландықтарды есептемегенде) жиынтық санынан да асып түседі. ВУЗО-ның түлектері Африка, Азия мен Латын Америкасы елдеріндегі ауыл шаруашылығы министрліктерінің жоғары эшелондарында жиі кездеседі.

Кампус асханасында мен ВУЗО-ның болашағынан зор үміт күттіретін үш студентпен отырмын. Бұл үш жас қыз Уганда, Непал мен Индонезиядан келген.

Леа Нандудудан мұнда қалай келгенін сұрағанымда: «Угандада оқуымды тәмамдап жатқан кезде мен Вагенингеннің түлегін кездестірдім, – деп бастады әңгімесін. – Ол өсімдіктің қасиеті мен әлеуетін түбегейлі зерттейтін «фенотиптендіру саласының сарапшысы еді.  «Африкалықтар да мұны істей алады екен» деген ой маған қанат бітірді.  Ол осы елдің болашағы еді. Бізге жол көрсетіп кетті ол».

Сол кездесудің соңы Нандудудың ВУЗО шәкірт­ақысын иеленуіне ұласты. Бір гектар жері бар оның әкесі, негізінен, кофе мен банан өсіреді. Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытатын шешесі де шаруашылыққа қолғабыс етеді. «Барша фермерлердің басындағы проблема бізде де бар. Тіпті одан да қиын. Әсіресе, климаттық өзгеріс­тердің салдары көп қиындық тудырады».

Прагиа Шреста пестицидтер мен тыңайт­қыштарды оңды-солды пайдаланғаннан топырақ құрамы бұзылған Непалдағы ауылдық жерде өскен. Барынша қауіпсіз әрі ақылға қонымды дейтін әдістердің өзі мұнда көп өзгеріс әкеле қоймады.

«Білім – Нидерланды елінің ең құнды экспорты», – дейді ВУЗО оқытушылары мен студенттері. Мұнда магистранттардың жартысы шетелден келген. Олардың арасында аштық қайталану қаупі бар елдерден келгендер де бар.

«Бұл – саяси мәселе», – дейді ол. Жаңа қопсыту әдістерінің жүзеге аспайтын себебі, үкіметте оны қолдайтын қаржы жоқ. «Бұған халықтың тығыз қоныстануы да себеп болып отыр. Ұсақ-ұсақ жер телімдері техниканың жұмыс істеуіне кедергі болып қана қоймай, мол өнім алуға да мүмкіндік бермейді».

Ренна Элиана Вариото Индонезияның үшінші ірі қаласы саналатын Бандунгтен келген. Ол: «Халық сырттан келген идеяларға сене бермейді», – дейді. Оны Шреста мен Нандуду бастарын изеп, растап қояды. «Шаруа адамдарының барға қанағат жасауға бойлары үйреніп кеткен. Олар қиыншылық көріп жүргендерін біледі, бірақ «жағдай бұдан да жаман болуы мүмкін еді» деген ойға әбден сеніп алған».

БҰҰ мәліметі бойынша, бүгінде үш Африка мемлекеті мен Қызыл теңізі бойындағы Йеменде аштық қауіпі төніп тұрған адамдардың саны 20 миллионға жеткен және бұл сан күннен-күнге өсе түсуде. Наурыз айында: «Бұл – БҰҰ тарихындағы ең ірі гуманитарлық дағдарыс», – деді ұйымның төтенше жағдайлардағы көмек үйлестірушісі Стефан О’Брайен.

Рууд Велоо «фотобиореакторды» сынап жатыр. Жарық қоректік тізбектің негізі – протеиндер мен липидтерді өндіруге қолданылатын микробалдырлардың өсуін қамтамасыз етеді.

«Біз үшін ең үлкен ауыр міндет – бетпе-бет келіп отырған дағдарыс пен одан шығу жолдары жайлы отандастарымыздың ой-түсініктерін өзгерту, – дейді Нандуду. – Мен елге оралған соң осымен айналысам. Бізге шындықтан жалтаруға әсте болмайды».

Вагенингеннен оңтүстік бағытта шамамен 6,600 шақырым жердегі Африканың Рифт аңғарында отбасылық жеке қожалықтың бұршақ өсіретін алқабы бар. Осы жерде ауыл шаруашылығы технологиясымен айналысатын SoilCares атты голланд фирмасының мамандары шағын мобильді құрылғының қызметін таныстырып жатыр. Ұялы телефонның қосымшасымен бірге жұмыс істейтін құрылғы топырақтың  pH өлшеміне, органикасы мен өзге де қасиеттеріне сараптама жасайды. Сосын оның қорытындысын Нидерландыдағы дерекқорға жіберіп, 10 минутқа жетер-жетпес уақытта топыраққа қажетті тыңайт­қыш пен қоректік заттар жайлы тыңғылықты дерек алады. Құны бірнеше долларлық дерек, осылайша, бұрын қандай да болсын топырақ үлгісін алуға мүмкіндігі болмаған фермерлерге нендей инвестиция салу керектігін түсіндіреді.

Гаагадағы бұрынғы зауыттың үстіне салынған ферма өз-өзін қамтамасыз ететін әдіспен көкөніс пен балық өндіреді. Балық қалдықтары өсімдіктерді тыңайтады. Ол өз кезегінде балыққа қажетті суды сүзгіден өткізеді. Жергілікті мейрамханалар көкөніс пен «қалада өскен балықты» келушілерге маңғаздана ұсынып жатады.

Дүниежүзінде 570 миллион шаруашылық бар деп есептелсе, солардың тек бес пайызы ғана топырақты зертханаға жібере алатын мүмкіндікке ие. Голландықтар үшін бұл да бір – ойландырар жайт.

«Дамушы мемлекеттерге біз нендей көмек бере аламыз? Біздің алдымыздан күнде шығатын сұрақ – осы. Әр әңгімелескенімізде де біз бұл тақырыпқа соқпай кетпейміз», – дейді ВУЗО-ның зоотехника тобының жетекшісі ­Мартин Схолтен.


Франк Вивианоның Еуропа, Азия, Латын Америкасы мен Африкада біраз мақаласы жарық көрді. Лука Локателли – адамдар мен технология арасындағы өзара байланысты түсіруге маманданған фотограф.


Чипке тізу

$
0
0

Нақты өлшемі: 15мм – 35мм.

Наташа Дэйли

Бұрын тірі адам ағзасына қауіпсіз биомедициналық сынақ жүргізу ақылға қонымсыздай көрінетін. Алайда енді флешканың көлеміндей ғана «чиптегі ағза» бүйрек, ми, өкпе, ішек және басқа да мүшелердің қызметін атқара алады. Осы кезге дейін ғалымдар биомедициналық зерттеудің көбін жануарларға немесе «Петри тостағы» деп аталатын жасушаларға жасап келген болатын. Адам ағзасында ондай құрылғы болса, статистикалық ортада ғана сыналды.

«Чиптегі ағза» мөлдір түтікшеден тұрады, оның бойына мыңдаған тірі жасуша тізілген және қоректендіргіш заттектер денедегідей әрекет етеді. «Бұл – «үй ішіндегі үй», адам биологиясына салынған терезе іспетті», – дейді ағза-чип өндіретін Emulate Inc компаниясының аға ғылыми қызметкері Гералдин А.Хамилтон. Чиптер дәрілердің ағзаға әсерін тексеруге және астма секілді ауруларды сынап көруге қолданылды.


Ағза-чиптерінің іс жүзіндегі жұмысын ngm.com/Sep2017-ден көріңіз.

ФОТО: РЕБЕККА ХЕЙЛ, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ

Денсаулық деген не?

$
0
0

2014-2017 жж. АҚШ-тың бас хирургі болған 40-тағы Вивек Мурти: «Қоғам тыныштығы сенімді транспорт, қауіпсіз көршілер мен қолжетімді баспанаға тікелей байланысты», – дейді. Ол психикалық ауруға қатысты дискриминациялауды азайтып, эмоционалды тепе-теңдік пен салауатты өмір салтын жарнамалаудың керек екенін баса айтып жүр.

Адамның эмоционалды көңіл күйі пайдалы диета, салауатты өмір салты секілді маңыздылыққа ие. Неге?

Бас хирург ретінде қызметімді бастаған кезде мен эмоционалдық жай-күй мәселесіне назар аударғам жоқ. Алайда ел ішін аралап, кіші қалалар мен үлкен шаһарлардағы адамдарды тыңдағаннан кейін оның маңызды екеніне көзім жетті. Менің түсінгенім, адамдар терең эмоциялық күйзелістен зардап шегуде. Меніңше, эмоционалды саулық – нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ішкі ресурс. Ол психикалық дерттің жоқ екенін ғана білдірмейді. Бұл – ауыртпалыққа тап келгенде өз-өзіңді сабырлы ұстауға мүмкіндік беретін күш.

Оны қалай реттей аламыз?

Ең әуелі эмоция туралы түсінікті өзгертуіміз қажет. Эмоция – күштің қайнары және оны ғылым да растайды. Алайда маған кездескен адамдардың көбі эмоцияны әлсіздіктің белгісі ретінде санауға бейім. Екінші мәселе – біз эмоционалды тепе-теңдікті қалыптас­тыруымыз керек. Оған қажетті нәрселер өте қарапайым ғана: ұйықтау, физикалық белсенділік, жақсы көңіл күй және шама келсе, медитация.

БАҚ беттерінде күйзеліске түскен адамдар туралы ақпарат көп. Дәрігер ретінде бұған не айтасыз?

Қатты уайымдаймын. Меніңше, бұл – біздің потенциалымызды толық пайдалануға тұсау болып отырған фактор. Мен ұзақ уақыт бұған әсер ететін негізгі екі күш – не махаббат, не қорқыныш деп ойладым. Махаб­баттың көптеген белгісі бар: ме­йірім, ризашылық, қайырымдылық пен қуаныш. Қорқыныш сезімі, ашу, қызғаныш және қобалжумен жиі байланыстырылады. Жұрттың көбінің бойын қазір қорқыныш билеген бе деп уайымдаймын. Шын мәнінде, жағымсыз жаңалықтар ғаламдық ойлауды бір сәтке болса да тоқыратады. Бір жағынан, бұл біздің махаббат сезімін дұрыс түсіне алмауымызға да байланысты секілді.

Ең әуелі сезім туралы түсінігімізді өзгертуіміз қажет. Вивек Мурти, АҚШ-тың бұрынғы бас хирургі.

Фото: Мартин Шеллер

Сұхбат ықшамдап алында.

Көзтартар

$
0
0

Құрама штаттар.

Нью Йорк Орталық саябағы. Бір топ аш жанаттың кешқұрым келген қонақтардан үміті бар. Шаһар әкімшілігінің айтуынша, азық талғамайтын сүтқоректерілерге тамақ беру өте қауіпті. Олар түрлі жұқпалы ауру таратуы мүмкін.

Фото: Хилари Суифт

Ағаштың киесі

$
0
0

Діңіне бес адамның құшағы әрең жететін, жеті ғасырдан бері өсіп тұрған алып ағашты қазақ халқы киелі санайды.

Ел ішінде бұл ағашқа қатысты аңыз-әңгімелер мен болған оқиғалар жиі айтылады. Дендролог мамандар ғылыми анықтама бермесе де, оның кәдігімгі қарағаш екені мәлім және ел айтып жүргендей оның жасы 700 емес, 750 жылдан да көп болуы мүмкін.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Қазақстанның Қытайдағы елшісі болып қызмет атқарған, қазірде Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов «Әулиеағаш» туралы мынадай қызықты дерек келтіреді: «Ағаш жайында алғаш рет 1757 жылы Қытай императоры Цяньлун сөз еткен. Ол өзінің жазғы резиденциясында Нұралы Сұлтан бастаған қазақтың 11 елшісін қабылдап, ұзақ әңгімелескен екен. Сонда император қазақ елшілерінен: «Біздің адамдар сіздердің жерлеріңізде көлеңкесіне 50 атты адам сыйып кететін, 500 жыл өмір сүріп тұрған алып ағаш бар деп айтып келді. Сол рас па?» – деп сұрағанда қазақ елшілері ондай ағаштың Жетісу жерінде расымен бар екенін, бірақ олар бұл сапарда Алтай арқылы келгендіктен оны көре алмағандығын айтады.

1941 жылы Әулиеағаш ауылына қырық шақты отбасы сырттан келіп қоныс­танады. Ауыл адамдарының: «Киелі ағашқа тимеңдер, қаһарына ұшырайсыңдар!» – деген ескертпесін елемеген бір жігіт ағаштың бұтақтарын кесіп, үйіне әкеледі. Ағашты әкелген түні бір отбасының сегіз бірдей мүшесі белгісіз жағдайда қайтыс болыпты. Сол күннен бастап, ол ағаштың тегін ағаш емес екені, бойында қандай да бір мистикалық күштің бары дүйім жұртқа лезде тарап кетеді.

Қалың ағаштың құшағына енген сәтте бойыңызды ерекше сергектік билеп, энергетикасы өте күшті екені бірден сезіледі және ондағы жас ағаштардың барлығы, алып ағашқа иіліп тұрғандай көрініс береді.

Жер бетінде ағаштар арасында өзінің межелі жасынан артық өмір сүретіндері кездесіп тұрады. «Әулие­ағаштың» ұзақ жылдар бойы өсіп тұруына ондағы топырақтың құрамы мен жерасты суының әсері бар болса керек, – дейді Қазақ  ұлттық аграрлық университеті Орман, жер ресурстары және фитосанитария факультеті деканының орынбасары, профессор Мая Шабалина. – Алайда Қазақстанда бұл ағашты арнайы зерттеген ешкім жоқ».

Авторы: Дәурен Құдайберген, фото: Екпін Хасенжан

Сырын білмеген жылқының…

$
0
0

Араб жылқысы қорасына қарап тұр. Жылқы – өткір көзді жануар, олар мысық пен итке қарағанда қырағы. Сондай-ақ топтасып өмір сүру үшін дамыған қарым-қатынас тіліне ие.

Джереми Берлин

Шындықты мойындайық, жылқы жануары әркімге бір сырын бере қоймайды. Соңғы зерттеулер ер қанатының басқалармен байланысу үшін 17 түрлі бет-әлпет қимылын жасайтынын анықтады. Бұл адамдарға қарағанда 10 қозғалысқа аз, бірақ иттен – бір, шимпанзеден төртеуге артық.

Суссекс университетінің мамандары мұны жылқы бетінің бұлшық еттерін зерттеу арқылы анықтаған. Олар туғанына 4 апта болған және 27 жас аралығындағы тұқымы әртүрлі 86 айғыр мен биенің 15 сағаттық бейнежазбадағы мінез-құлқын зерттеген.

Зерттеудің соңы ретінде EquiFACS (жылқы бет-әлпеті қимылын кодтау жүйесі) деп аталатын бағдарламаны пайдалана отырып, өздері бақылаған көз, ерін, танау және иек қимылдарын жүйеледі. Нәтижесінде, түрлі тұқымдастар арасындағы жарыспалы эволюцияны көрсететін іс-қимыл картасы пайда болды.

Ғылыми жұмыстың жетекші авторы Дженнифер Уатан жылқы мен адамның бет-әлпеті қозғалысы арасындағы ұқсас­тықтың таңдай қақтыратынын айтады. Ұқсастыққа қорқынышты, таңданысты не қайғыруды көрсететін қастың ішкі жағын көтеру (мүләйімсіп қарау), не амандасуда қолданылатын езуін кері тарту (күлімсіреу) және дабылды білдіретіндей көздерін кеңінен ашу жатады.

Уатанның айтуынша, бұл деректер түрлер арасындағы байланысты жақсы түсінуге мүмкіндік береді. «Біз жануарлардың эмоциясы туралы көп білмейміз. Бұл бағдарлама соған көмектеседі», – дейді ол.

Фото: Тим Флах

Viewing all 1603 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>