Quantcast
Channel: nationalgeographic.kz
Viewing all 1610 articles
Browse latest View live

Ажал апанына айналған Ақмола лагері қандай еді?

$
0
0

YSH_7386

58-баптың 10-тармағы. Бұл – КСРО Қылмыстық кодексінің миллиондаған адамды «Халық жауы» атандырып, өмірін қиған атышулы нормасы. Ал бұл – Кеңес одағы кезіндегі айтуға ауыз бармайтындай қанішерлігімен әйгілі болған «АЛЖИР» (Халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері) түрмесінің орны. Мұнда ер азаматтардың аяулы жарлары мен әпке-қарындастарының азапты өмірі өтті.

YSH_7136

Музей ішінде ілулі тұрған «Еркіндік пен қапастағы өмір» композициясында ақ көгершіндер бейнеленген. Кейбір көгершіндер бостандыққа шығып жатса, енді бірі бостандықты көре алмай, торда жан тәсілім етуде.

Музей ішінде ілулі тұрған «Еркіндік пен қапастағы өмір» композициясында ақ көгершіндер бейнеленген. Кейбір көгершіндер бостандыққа шығып жатса, енді бірі бостандықты көре алмай, торда жан тәсілім етуде.

АЛЖИР музейінің бірінші қабатында орналасқан «Өмір гүлі» композициясы. Онда қара тасты қақ жарып шыққан гүл бейнеленген. Әйелдер қаншама қиындық көріп, қорланса да өмірге деген құштарлығын өлтірмеді.

АЛЖИР музейінің бірінші қабатында орналасқан «Өмір гүлі» композициясы. Онда қара тасты қақ жарып шыққан гүл бейнеленген. Әйелдер қаншама қиындық көріп, қорланса да өмірге деген құштарлығын өлтірмеді.

4G0A1766

«Темір тордың арғы жағында олар өздерінің сүйіктілері мен ең ардақты азаматтарынан айрылып, «барлық ұлттардың көсеміне» табынулары керек болды. Әйтсе де олар ешкімге де табынбаған күйі бүгінгі күнге тазалықтың, махаббат пен адалдықтың қасиетті сәулесін жеткізіп кетті», – деп жазылған музей сайтында. Сол бір ауыр күндердің куәгерлерінің жазбаша естеліктері негізінде зерттеушілер қазір түрме моделін қалпына келтіріп, муляж бейнелерін жасап шықты.

4G0A162200

4G0A18154

4G0A16260

Түрме мыңдаған жазықсыз жанды ажал апанына шаңсорғыштай сорып жатты. Мұнда жазалаудың жан естімеген түрлері қолданылды. Бұл лагерьден 18 000 адам этаппен өтіп, 8 мыңдайы тұрақты қамауда болды. Оларды мұнда «күйеулеріңмен кездестіреміз» деп алдап әкеліп, балаларынан күштеп бас тартқызып жетімдер үйіне жіберетін. Сәбилердің көпшілігінің ары қарайғы тағдыры сол күйі белгісіз. Әйелдерге түрмеде көрсетілген зорлық-зомбылық салдарынан 1500 бала дүниеге келді. Олар туралы да дерек жоқтың қасы. Тұтқында болған әйелдердің басым көпшілігі интеллигенция өкілдері болғанына қарамастан ешқайсысына аяушылық болған жоқ. Таңның атысы, күннің батысы қамыс шабу, саз илеу, кірпіш құю секілді ауыр жұмыстар атқарды. Өздері тұратын барактарды өздері салды. Ал егер кімде кім тапсырманы орындай алмаса, күнделікті берілетін бір жапырақ қара нан мен қара судан қағылатын.

«АЛЖИР» – КСРО бойынша тек әйелдерге арнап салынған жалғыз лагерь. Сотталған әйелдердің кейбірі тағылған айыбына байланысты алдымен «АЛЖИР-де» уақытша тұрақтап, «КарЛАГ» басқармасының шешімін күтетін. Уақыты келгенде тұтқындардың кейбірі Екібастұзға, кейбірі Балқаштағы лагерге жіберілетін. Ол уақытта «АЛЖИР» «КарЛАГ-тың» 17-бөлімшесі, 26-нүктесі болып саналды. «КарЛАГ» қарамағына Қазақстан бойынша барлығы 11 лагерь кірді.

4G0A16974

Тұтқындағы әйелдер қамырдан жасаған сурет сол қалпы сақталынып тұр.

Сталин режимінің кесірінен бірнеше миллион жазықсыз жан жапа шексе, олардың ішінде қазақтар да аз болмады. КСРО Компартиясына қарасты НКВД жендеттері олардың бірін атып, енді бірін Сібірге айдап, жұбайларын «АЛЖИР-ге» тоғытты. Ұлт арыстары Т.Рысқұловтың жары – Әзиза, Б.Майлиннің жары – Бижамал, Т.Жүргеновтың жары – Дәмеш аналарымыз т.б. көптеген ардақты жандар осында азапты күндерін өткізді.

4G0A17655

Май шамның жарығына телміріп ұзақ уақыт тігін тіккен соң жұмысшылардың жанары семіп, көруден қалған. Ауыр жұмыстан қажып әрең жүрген әйелдерді түнгі уақыттарда аяусыз тергейтін. Тергеу изоляторында аяқтарын жерге тимейтіндей ұзын орындыққа отырғызып, 7-8 сағат бойы әр түрлі сұрақтар бойынша жауап алатын. Нәтижесінде әйелдердің аяқ қан тамырлары ісініп, жүре алмай, есінен танып құлайды екен.

«Асыл жары мен бауыр еті баласын сағынған тұтқын әйелдердің түн жарымында қосыла жылаған азалы даусы «АЛЖИР» аспанын шарлап, Жер ананың өзін күңіренткендей күй кешетін, – дейді Райса Рамазанқызы. – Сонда жүрегінде мейірімі бар күзетшілердің кейбірі: «Сіздердің бақытты күндеріңіз алда, жақындарыңызбен міндетті түрде қауышасыздар. Бұл күндер әлі-ақ ұмытылады» деп жұбатады екен».

4G0A16655

Бұл тапанша қаншама бейбақтың өңменіне қадалды екен?

Бұл тапанша қаншама бейбақтың өңменіне қадалды екен?

Алматыдан алдырылған абақты есігі.

Алматыдан алдырылған абақты есігі.

Бірде тұтқындар Жалаңашкөлден қамыс будаларын арқалап келе жатса, алдарынан жергілікті қазақтар шығады. Бірақ әлгілер неге екені белгісіз әйелдерге қарай тас лақтыра бастайды. Бұны байқаған қарауылдар: «Сендерді Мәскеу ғана емес, мыналар да жек көретініне көздерің жетті ме?!», – деп қарқылдап күледі. Шын мәнінде бұл тас емес, сиыр сүтінен жасалған құнарлы құрт еді. Ауыл адамдары қаныпезер күзетшілерге білдірмей тұтқын әйелдерге осылайша азық беріп кетіпті. Бұл туралы Ақмола лагерінің бұрынғы тұтқыны ұлты неміс Гертруда Платайс өз естелігінде жазады.

Ақмол ауылының шетінде орналасқан "АЛЖИР" музейінің көрінісі.

Ақмол ауылының шетінде орналасқан «АЛЖИР» музейінің көрінісі.

«АЛЖИР» – тек әйелдерге ғана арнап салынған КСРО-дағы жалғыз лагер. 1938-1953 жылдар аралығында мұнда қазақ, неміс, поляк, литва, грузин, украин, орыс, татар т.б. секілді 62 ұлттың өкілінен тұратын 18 мыңнан астам әйел қамалып, адам төзгісіз жағдайда азапталды.

«АЛЖИР» – тек әйелдерге ғана арнап салынған КСРО-дағы жалғыз лагер. 1938-1953 жылдар аралығында мұнда қазақ, неміс, поляк, литва, грузин, украин, орыс, татар т.б. секілді 62 ұлттың өкілінен тұратын 18 мыңнан астам әйел қамалып, адам төзгісіз жағдайда азапталды.

1953 жылы Сталин қайтыс болған соң, «АЛЖИР» жартылай жабылып, тағы оншақты жыл жұмыс істеп тұрды. Оның ең соңғы тұтқыны 2014 жылы қайтыс болды.

Ақ-қара түстен жасалған «Қасірет қақпасы» ескерткіші жақсылық пен жамандықты, өмір мен өлімді қатар бейнелеп тұрғандай. Сыртындағы ақ түс ана орамалын бейнелесе, қара түс ер-азаматтардың бас киімі тәрізді.

Ақ-қара түстен жасалған «Қасірет қақпасы» ескерткіші жақсылық пен жамандықты, өмір мен өлімді қатар бейнелеп тұрғандай. Сыртындағы ақ түс ана орамалын бейнелесе, қара түс ер-азаматтардың бас киімі тәрізді.

Ер-азаматтардың шарасыздығы, өшкен үміт пен жоғалған сенімді бейнелейтін «Түңілу мен әлсіздік» композициясы. Өткен ғасырда «Халық жауы» деп жалған айып тағылғанда қаншама біздің қоғам және мемлекет қайраткерлері мен ұлт көсемдері ұлтына, жасына қарамастан 58-ші бабпенен Ату жазасына кесілген болатын.

Ер-азаматтардың шарасыздығы, өшкен үміт пен жоғалған сенімді бейнелейтін «Түңілу мен әлсіздік» композициясы. Өткен ғасырда «Халық жауы» деп жалған айып тағылғанда қаншама біздің қоғам және мемлекет қайраткерлері мен ұлт көсемдері ұлтына, жасына қарамастан 58 баппенен ату жазасына кесілген болатын.

«Күрес пен үміт» композициясы азапты күндерден құтылу мен еркіндікке деген құштарлыққа толы әйел бейнесін көрсетеді. Осы Алжир лагерінде әйелдер күннің аптап ыстығына, сар аяз суығына қарамастан қара жұмыстың барлығын істеген. Қамыс орды, мал бақты, егін екті. Соңында олардың үміттері ақталды деп айтсақ болады.

«Күрес пен үміт» композициясы азапты күндерден құтылу мен еркіндікке деген құштарлыққа толы әйел бейнесін көрсетеді. Осы Алжир лагерінде әйелдер күннің аптап ыстығына, сар аяз суығына қарамастан қара жұмыстың барлығын істеген. Қамыс орды, мал бақты, егін екті.

4G0A1902-1

40 орындық вагондарға 80-90 әйелден тиеліп, КСРО-ның түпкір-түпкірінен жеткізілді. Тұтқын әйелдер бұл вагондарда үш айға дейін жол жүріп жеткен. Олардың арасында аяғы ауыр келіншектер де, емізулі балалары барлар да болған.

40 орындық вагондарға 80-90 әйелден тиеліп, КСРО-ның түпкір-түпкірінен жеткізілді. Тұтқын әйелдер бұл вагондарда үш айға дейін жол жүріп жеткен. Олардың арасында аяғы ауыр келіншектер де, емізулі балалары барлар да болған.

YSH_7017

Тұтқын әйелдерді балаларынан күштеп бас тартқызды. Тіпті, омырадағы сәбилерін тартып алып, жетімдер үйіне жіберетін.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Жарлыққа сәйкес, 1997 жылдан бері қарай 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып келеді. 2007 жылы сол кездің қатыгез тарихын ұрпақ жадында сақтап қалу үшін лагерь орнына әйел адамның қобдишасы пішінінде «АЛЖИР» мемориалды-музей кешені» бой көтерді. «Кешенің қалыпты жұмысы Астана қаласы әкімдігінің жіті назарында», – дейді музей директоры Мейрамбай Оралов. Музей аумағында «Көз жасы» стеласы, №26 Барак, қамауда болған 8 мыңға жуық әйелдің аты-жөні жазылған «Зерде» қабырғасы және көптеген құнды жәдігерлер бар. Тағы бір ғажабы, бұл маңайдағы қарғаның көптігіне еріксіз таңданасың. Ел аузындағы «қарғалар қан төгілген жерден жүз жылға дейін кетпейді» деген сөз еріксіз еске түсетіндей…

4G0A83003

Фото: Ерболат Шадрахов, Қуанышбек Дүйсенбеков, Бекзат Сайназар


Ел игілігіне – экомешіт

$
0
0

Жер бетінде адам саны көбейген сайын азық-түлікпен қатар, энергия көздеріне де сұраныстың артып отыратындығы белгілі. Осыны ескерген ғалымдар соңғы ширек ғасырда қоршаған ортаға аса тиімді энергияны баламалы қуат көздерінен алу жолдарын қарастырумен келеді.

Қазақстандық мамандардың есебінше, біздің еліміздегі «жасыл энергияның» үлесі өткен жылы 1 пайызға әрең жеткен, 2020 жылы – 3, 2030 жылы – 10, ал 2050 жылға қарай – 50 пайызға дейін жетеді деген ой бар. Дәл қазіргі уақытта бұл салада көшті Германия бастап тұр. Немістер тек 2016 жылдың өзінде ғана өндірілген электр энергиясының 30 пайызын баламалы қуат көздерінен алыпты.

Ал Қазақстанға келсек, бүгінде Астанада жарықты күннен, жылуды жер астынан алатын бірнеше ғимарат бар. Солардың бірі, әрі бірегейі ел ішінде «Алланың гүлі» деп аталатын – Рыскелді қажы мешіті.

Бұл ғимараттың таныстырылымы жуырда Астанада өткен «Ислам өркениетіне Қазақстанның қосқан үлесі» атты халықаралық конференцияда жасалды. Оған IRCICA ұйымы, ҚМДБ мамандары мен белгілі дін зерттеушісі Айнұр Әбдірәсілқызы басқаратын Дін мәселелері ғылыми-зерттеу және талдау орталығының өкілдері қатысты.

Әлемде теңдесі жоқ экомешіт дәл қазіргі уақытта қазақ сәулет өнерінің авангардтық-постмодернистік үлгідегі бірегей туындысы болып табылады. Астана күні қарсаңында пайдалануға берілген мешіттің басты ерекшелігі – қажетті қуат көзін өзі өндіріп қана қоймай, артық энергияны сату арқылы да қосымша табыс таба алады. «Ауласында күн сәулесінен қуат алатын 1300 шаршы метрге тең батареялар мешітке сондай мүмкіндікті беріп отыр, – дейді Рыскелді қажы мешіттің сәулетшісі Сағындық Жанболатов. – Соның арқасында мешіт өзіне қажетті мөлшерден төрт есе артық энергия өндіреді».

Қайырымдылық мақсатпен жиналған қаржыға салынған мешіттің үшбұрышты қабырғалары сүйірленіп келіп, диаметрі 26 метрлік күмбезбен жалғасып кетеді. Ал ғимараттың жалпы аумағы – 3695 шаршы метр.

Мешіттің сыртқы пішіні бір қарағанда киіз үй секілденгенімен, үстінен қарағанда лотос гүліне де ұқсап кетеді.

Құлшылық үйінің іші өте қарапайым салынған. Күмбездің айналасына тек Алланың 99 аты жазылған жазудан басқа адамның көңілін аударатындай түрлі-түсті бояу да, ою-өрнек те жоқ. Ғимараттың бірінші қабаты толықтай ер азаматтарға арналса, ал екінші қабатында әйелдерге арналған 150 орындық алаңқай бар. Жалпы «Алланың гүлі» 750 адамға шақталғанымен, жұма намазында 1,5 мың адамға дейін сияды.

«Мешітке толықтай отандық құрылыс материалдары қолданылды, тек жарық пен жылу жүйесі ғана Австриядан арнайы тапсырыспен алдырылды», – дейді Рыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы Жақия қажы. 

Жоба авторы – Сағындық Жанболатов бұған дейін «Мәңгілік ел» триумфалды аркасы мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің сызбасын дайындаған.

Автор: Дәурен Құдайбергенұлы, Фото: Ерболат Шадрахов.

Ұлы дала пирамидасы

$
0
0

Астанадан небәрі 340 шақырым жерде кейінгі қола дәуіріне тән пирамида табылды. Пирамида жайлы алғаш 2014 жылы белгілі болғанымен, оны қалпына келтіру жұмыстары 2017 жылы аяқталды. Кешен ішінен шыққан пышақ, ине, сақина, ыдыс бөлшектері, керамика секілді көптеген заттар Қарағанды қаласындағы өлкетану музейіне қойылған.

Пирамиданы тапқан Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің археологы Игорь Кукушкиннің айтуынша, «бұл жерде ірі мемлекет қайраткері немесе ру көсемі жерленген болуы мүмкін. Ол шамамен 3000 жыл бұрын салынған».

Кешеннің айналасында көлемі шағын тағы бірнеше қорым бар. Ең қызығы ғимарат формасы Солтүстік америка үндістерінің пирамдаларына өте ұқсас. Қазақстан мен Орталық Азия аймағында пішіні дәл осындай пирамида бұрын кездеспеген.

Ғылыми ортада бұған дейін қалыптасқан пікір бойынша Беғазы-Дандыбай мәдениетінің ірі ескерткіштері (Беғазы, Айбаз-дарасы, Бұғылы, Сандыру ескерткіштері) түгел ашылды деп саналатын. Ал бұл жаңалық сол пікірді теріске шығармаса да, аталған дәуірге тән ірі кешендердің әлі де табылуы мүмкін екенін көрсетеді.

Пирамида Қарағанды облысы Шет ауданы Талды ауылының маңындағы Қаражартас деген жерде Талды өзенінің жағасында тұр.

 

Біздің пікірімізше, аталмыш пирамиданы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасына енген нысандар тізіміне қосуға әбден лайық.

  • Жасы: 3000 жыл
  • Табылған кезі: 2014 жыл
  • Орналасқан жері: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Талды өзенінің жағасы.

Автор: Мақсат Ясылбайұлы

Фото: Дмитрий Ругис, Сергей Муравьев, Ерболат Шадрахов


Мақала Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен әзірленді

«Еділді келіп алғаны…»

$
0
0

Жуырда Ақтау қаласында Иран, Түрікменстан, Ресей, Әзірбайжан және Қазақстан тараптарының Каспий теңізін бөлісу бойынша келіссөздері өтті. Мәселенің өткірлігі сонша, ол әлемдік БАҚ-тардың бірінші беттеріндегі негізгі жаңалыққа айналды. Себебі бұнда саяси, экономикалық, экологиялық, тіпті әскери астар жеткілікті еді…

Жуырда «National Geographic Qazaqstan» журналистері ҚР Қорғаныс министр­лігі Әскери-теңіз күштерінің жұмысымен танысып қайтты.

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштері 1993 жылы 2 сәуірде құрылды
  • 1999 жылы шілдеде ҰҚК Шекара қызметі құрамына кірді
  • 2003 жылы 7 мамырда Әскери-теңіз күштері Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жеке түрі ретінде қалыптасты
  • 2010 жылы ақпанда Жауынгерлік Ту табыс етілді

Негізгі міндеттері:

  • Мемлекеттік шекара мен аумақтық тұтастықты, Тәуелсіздік пен экономикалық мүдделерді қорғау
  • Агрессордың шапқыншылығына тойтарыс беру
  • Суасты диверсиясына қарсы қорғаныс жүргізу
  • Теңіздегі экологиялық апаттардың зардабын жою

Автор: Мақсат Ясылбайұлы, фото: Сергей Муравьев

Татулық қоңырауы

$
0
0

Қыркүйек айы – білім ордаларының есігі айқара ашылып, алғашқы қоңырау үнінің сыңғырлай соғатын мезгілі. Биыл еліміз бойынша 7024 орта мектепте 350 000 бүлдіршін алғашқы сынып табалдырығын аттады. Олардың 227 500-і немесе 65%-ы  қазақ тілінде білім алуға құлшынып отыр. Мектеп – тек білім ордасы ғана емес, жеткіншек ұрпаққа дұрыс тәрбие беруге де жауапты орын. Сондықтан оқу маусымының басталуымен отандық медиаторлардың жұмысы да қыза түседі. Мектепте әр ұлт, әр дін өкілдерінің балалары бірге оқитындықтан, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету, туындаған дауларға араағайындық ету, болашақта оны мүлде болдыр­мау мәселесінде, әсіресе медиа­ция мамандарына тапсырылатын жүк ауыр. Сондықтан биыл 3 тамызда Қазақстан бойынша Бірыңғай медиа­ция күні аталып өтті.

«Былтыр мынадай оқиға болды. Төменгі сыныпта оқитын екі қыз өзара сөзге келіп қалып, нәтижесінде, бүкіл бір сынып екіге бөлініп бір-бірімен жауласып кеткен. Біз бұл оқиғаны зерттей келе, әлгі екі қыздың аналарының бұрыннан өзара дүрдараз екенін анықтадық. «Әлгі бір қызбен ойнама» деген ұғымды аналары сәби санасына сіңіріп қойған. Әйтпесе, балалардың өзара бөлісе алмаған ештеңесі жоқ болып шықты. Біз ата-аналармен кешенді жұмыс істеу арқылы сыныптағы жағдайды бұрынғы қалпына қайта келтірдік», – дейді «Медиация, менеджмент және құқық халық­аралық мектебі» ЖШС директоры Әсел Сайлаубай.

Қазақстан халқы ассамблеясы да кәсіби және қоғамдық медиаторлардың қызметіне көп жүгінетінін айтады. Ресми мәлімет бойынша Қазақстанда 130-ға жуық ұлт өкілі тұрады. Олар столыпиндік реформа мен сталиндік репрессия жылдарында Қазақстанға күштеп әкелінген. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының XXII сесиясында сөйлеген сөзінде: «Бір ғана ХХ ғасырда Қазақстанда көпэтносты халықтың қалыптасуының күрделі үдерісі қарқынды жүргізілді», – деп ашық айтуы көпшілік жайттан хабар беретіндей.

Баршаны бауырына басқан ел

Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы

Тұлпар тұяғымен жазылған тарих

$
0
0

Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалардың қонысы саналады. Көне қоныс Айыртау ауданына қарасты Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде орналасқан.

Өткен ғасырдың 1980 жылдарынан осы күнге дейін жүргізілген қазба жұмыстары барысында экспедиция мүшелері Ботай қонысындағы 158 үйдің орнынан 200 мыңға жуық құнды жәдігер тапқан. Олардың ішінде мыс пен тастан жасалған құрал-саймандар, жебе, қанжар мен найза ұштары, сондай-ақ қыштан жасалған ыдыстар мен жылқы малын ұстауға қажетті заттар да табылған.

«Әлем ғалымдарының Ботай қонысын жылқыларды қолға үйретудің ең көне ескерткіші деп тануы — біз үшін үлкен олжа, — дейді солтүстікқазақстандық ғалым, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберт. — Ботай мәдениеті өз заманында бүкіл Еуразия кеңістігінің серпінді дамуына ықпал етті».

Оның айтуынша, ондағы тұрғындардың өмір сүру уақытты біздің заманымызға дейінгі IV-V ғасырларға тиесілі. Зерттеулердің тарихи маңыздылығы — жылқыны алғаш қолға үйрету дәстүрінің қазақ жерінде жүзеге асырылуында.

Бүгінде Ботай ескерткіші ЮНЕСКО қорғауына алынып отыр.


Қираған империя

$
0
0

74 жыл Кеңес Одағының, 200-ге жуық жыл бойы Ресей патшалығының қоластында жүріп «егемен-дікті» аңсаған қазақтардың ұрпағы. Жұт пен ашаршылық, құғын-сүргін мен зорлық-зомбылықтан әбден қаналған халық орысқа бауыр басқандай.

Алыстан аяғында әзер тұрған мас іспетті қисайған бетон колонналар байқалады. Табан астында ұшақ «қаңқасы» жатты. Алақаныма пеш күліндей борпақ бір қиыршық тас алып: «Бұл жерде қанша тұруға болады?» – деп сұрадым полковниктен.

Радиацияметрінің сәулелену миллиреміне көз тастаған ол: «Үш сағатқа жуық уақыт», – деді.

Сол күні таңертең біз тікұшақ арқылы Курчатовтан солтүстік-шығыс Қазақстанның ес шығарар­лық кең кеуектігіне жол тартуымыз керек еді. Бертінге дейін Кеңес атомының цитаделіне айналған бұл шағын қалашық бірде-бір барлау агенттігінің картасына түскен жоқ. Ол АҚШ бомбалаушыларының көзінен де таса болып келді.

Полковник пен оның әскери киімі, сондай-ақ МИ-8 тікұшағы мен онда бейнеленген қызыл жұлдыз келмеске кеткен режимнің сынығы іспетті еді. Курчатовтан бері қарай жол 40 минут уақыт алды. Суы ерекше қап-қара кратер маңына келіп қондық.

Полковник құрдымға кеткен полигон тарихын айта бастады… Сынақ жүргізу үшін Қызыл армия мен Кеңес ғалымдары мұнда бес қабаттық ғимараттар, әскери бункерлер мен үш көпір соққан. Оның айналасына танк, ұшақ, көлік пен жүк пойызын әкеп, қой, ит және құс секілді тірі жанға толтырған. Кейін 20 килотон атом қаруымен жарып, күлін көкке бірақ ұшырды. Бұл – 1949 жылдың 29 тамызы, яғни Кеңес Одағы өзінің алғашқы атом бомбасын сынап, супердержаваға айналған кезі еді.

Бұл жойқын жарылыстың күші тіпті 90 шақырым жердегі бейқам жатқан қазақ ауылдарына сезіліп, радиокативті шөгінділер елдімекендерді басты. Біз бұл трагедияға әлі ораламыз.

«National Geographic» мұрағатынан алынған мақала. 1993 жылдың наурыз айында халықаралық басылымда жарық көрген шолу көптен күткен тәуелсіздікке енді ғана қол жеткізіп, дербес ел ретінде тәй-тәй басқан ел болмысын айшықтайды. Мақала Кеңес өкіметі билеген тұстары жұпыны күй кешіп, бас амандығы үшін мақұлдан өзгені білмейтін халықтың атом сынағынан көрген қасіретін баяндайды.


Одақтың құлауы ең әуелі осы сынақ алаңы мен оның Курчатовтағы зертханаларына қатты соққы болғандай әсер қалдырады. Қалай болса да, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қару шығарумен айналысқан жүздеген ғалымды ғана емес, сондай-ақ Марсқа сапар шегетін ғарыш кемесінің кішкентай ядролық реактор жобасында еңбек еткендерді де жұмыспен қамту ниеті мақтауға лайық. Бірақ Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін құрылған өзге мемлекеттер секілді Қазақстан да қиыншылықты бастан кешіп жатыр. «Жұмыссыз жүрген біртүрлі екен», – дейді антирадиациялық дәрілерді иттер мен маймылдарда сынап келген тағы бір полковник.

«Бәлкім, біз компанияңызға экологиялық зерттеу жүргізіп береміз, әлде компьютерлік системаңызды әзірлейік пе, я болмаса, радиокативті қалдықтарды көмуге көмектесейік пе?» – деп ғалымдар туп-тура капиталист саудагері секілді өз қызметін ұсынып, жұмыс іздей бастады.

Күн батып жатқан кезде Курчатовты араладым. Қала керемет әсер қалдырды. Ағаш жасырған ғимараттар. Көше серуендеп жүрген отбасылар.  «Көлік жоқ қой», – деп едім. «Газ да жоқ», – деген жауап алдым. Өткен жылдың басым бөлігі құлаған империяның қирандылары арасын кезумен өтті. Үш Балтық республикасы әлемнің ең үлкен ұлтынан 1991 жылғы ебедейсіз коммунистік төңкерісінен әлдеқайда бұрын қол үзе бастағаны белгілі. Кейбірін қуана, ал ендігісін әрең жіберген Ресейден бөлек 11 елді тәуелсіздіктің ең қиын кезеңі күтіп тұрды. Оның тоғызы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына бірікті. Мен үшеуін бақылауды ұйғардым: Бұған дейін байлығы өзімен өзі келген, ал қазір қанға малынған семсерін соқаға алмастырмақ болған Ресей; Ластану мен этникалық бөліністерден зардап шеккен, бірақ табиғи қоры бай Қазақстан; Торда қамалып, бірақ түбінде бұрынғы партия көсемдерінің қақпанына түсуге даяр, ары-бері сандалған жыртқыш іспетті Украина.

«Енді үрейде ұстайтын партия жоқ», – деді Украина ауыл тұрғындарының бірі. Репрессия аяқталды – әлемдегі асқан игіліктің астаң-кестеңі шықты. Діни сенім оралды. Гармониясы қашқан елдің миллиондаған зары, әйтеуір, естілді. Кеңес жүйесі кезінде, әсіресе 1930 бен 1940 жылдары Сталин диктатор болған кезінде тұншыққан азшылық ұлттар ерекше жайма-шуақ күндерден үмітті еді. Сөзсіз, бостандыққа қол жеткізген елдердің көбісінде билікке экс-коммунист келді. Қалай болушы еді? Тәжірибе соларда ғана бар ғой. Осылайша, ескі системаның лубриканты – парақорлық кең тарай бастады. Өз ауданымда такси ұстаудан шаршайтын мені кейде жедел жәрдем ала кетіп, қосымша табыс үшін жүргізушілер көп жиналатын аурухана маңына жеткізіп салатын.

Жалпыұлттық ұрлық, яғни «заңсыз жекешелендіру» мәселесі бұдан сорақы еді. Мемлекет меншігі ешкімге тиесілі емес болатын. Мәселен, ферма бастығы болып келген біреу сол фермаға тиесілі жеміс-жидек өңдеу зауытын иемденіп қалған. «Маған да болашаққа сеніммен қарау керек қой», – дейді ол.

Болашақ дейсіз бе? Жел соқса құлайын деп тұрған бұл елдерде болашақ айту әлі ерте. Олар енді дүниеге келді. Бар сырын бүкіл әлемге жайып салған елдердің айтары көп-ақ…

Авторы: Майк Эдуардс, фото: Герд Людуиг


Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жаһандық ядроға қарсы қозғалысын қолдайды.
Осыған байланысты «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифестін қабылдады.

Ғарыштағы жарыс

$
0
0

Жуырда қорғаныс өнеркәсібі кешендері мен ғарыш саласын дамыту бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы француз тарабымен бірлесіп Жердің жасанды жерсеріктерін құрастыратын зауытты іске қоспақ. 2022 жылға қарай жаңа зымыран дайын болады. Ең қуаныштысы сол, қазақстандық ғарыштық өнеркәсіп саласы жаңа технологиялық деңгейге шығып, еліміз толыққанды ғарыш державасына айналу алдында тұр деп нық сеніммен айтуға болады. Ол дегеніміз – ғылым мен зерттеу, ұялы байланыс пен халық тұрмысына аса қажетті телекоммуникация нарығында бәсеке бұрынғыдан да қыза түседі деген сөз.

Қазақстан енді Жерді қашықтықтан барлау жүйесін жобалау, құрастыру және толық сынақтан өткізу технологиясын сатып ала бермей, өзінде өндіріп, төл мамандарының меңгеруіне нақты қадам жасап отыр.

Тіл-көзіміз тасқа деп айтайық, алда отандық жерсеріктеріміздің қанатын кең самғайтын дәуірі келе жатқандай. Тақырыпқа қатысты қызықты зерттеу мақаламызды алдағы сандарымыздан оқи аласыздар.


KAZSAT-3 жерсерігінің қызмет көрсету мүмкіндігі Қазақстан территориясын толық, Орта Азия елдері мен Ресейді қамтиды.

Мегақоныс мақтанышы

$
0
0

Алматы қаласының өңірлік дамуында, әсіресе жолаушылар тасымалы саласында серпінді өзгеріс байқалады. Ол жайында журналымыздың осы санындағы «Ең әдемі метро» арнайы зерттеу мақаласынан оқып біле аласыздар.

  • Вагондардың жүру жиілігі – 10 минут
  • Көліктің орташа жылдамдығы сағатына – 40 шақырым
  • Бекет саны – 9
  • Бір күндік орташа жолаушылар легі – 50 000 адам
  • Метрополитеннің үш бағытының жоспарланған жалпы ұзындығы – 45 шақырым

Қазіргі таңда бірінші бағыт жұмыс істеп тұр.

Екінші және үшінші бағыттар толық аяқталғанда қаланың көліктік қысылтаяңы едәуір сейіліп, жолаушылар нөпірі прогрессивті түрде артады деп күтілуде.

Ең әдемі метро

$
0
0

Елімізде ең алғаш рет метрополитен 2011 жылы 1 желтоқсанда пайдалануға берілген еді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына тарту болған нысанның бүгінгі әлеуеті күніне 50 мың жолаушыға жетті. Ол – әлемдегі ең жаңа әрі әдемі метролардың қатарында. Алматы сынды мегаполиске метроның ауадай қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Кептелісте сағаттап тұрғанша баратын жеріңізге жер астымен зыр етіп жетіп алғанға не жетсін!


Әлемде ең алғашқы метро осыдан бір жарым ғасыр бұрын жолау­­шы тасымалдай бастағанын білесіз бе? Ең бірінші жерасты жолы 1863 жылы Лондонда пайда болды. «Metropolitan line» деп аталған бұл метроның ұзындығы небәрі 6 шақырым еді. Міне, содан бері мұндай көлік түрі жер жүзінің 200-ден астам қаласында салынып, жолаушы тасымалдауда таптырмас шешімге айналды. Жолаушылардың метроны пайдалану жиілігі ұшақпен ұшуға қарағанда 34 есеге көп. Жалпы, метрополитенді тек көлік түрі деп қана емес, ғажап сәулет, өнер туындысы деп қараған жөн. Әлемдегі әр метроның өз ерекшелігі бар. Айталық Нью Йорк метросы стансалар саны мен бағыты бойынша көш бастап тұр (472 станса, 36 бағыт), ал ең ұзын метро Шанхайда (588 шақырым), жолаушылардың жылдық көрсеткіші бойынша Бейжің метросы – алдыңғы орында. Ал метросы бар ең кішкене қала – Лозанна, мұндағы қала тұрғындарының саны – 138 мың. Ал метро жүйесі ең дамыған ел – Жапония. Жолаушыны ең көп тасымалдайтын метро Токиодағы – Икебукуро. Оған күніне жарты миллион халық мінеді екен. Дүниежүзіндегі метролар жайлы қызықты деректер өте көп. Ал Алматы метросының артықшылығы қайсы?

Метрополитеннің қауіпсіздік қызметі өкілдерінің айтуынша, мұнда жолаушылардың қауіпсіздігі жіті қадағаланады. Қауіпсіздік қызметкерлері әр жолаушыны көзден таса қылмай­ды, қолына күдікті зат ұстаған жолаушылар бірден метродан шығарылады.

Алматылықтар 1988 жылы басталған метро құрылысының аяқталуын аттай 23 жыл күтті. Кеңес Одағы күйреп, Қазақстан экономикалық қиындықта қалған кезде жерасты құрылысы мүлде тоқыраған еді. Алайда метроның қазіргі нәтижесі өте жақсы. Бүгінде Алматы метрополитенінде 9 станса жұмыс істеп тұр. Олар: «Райымбек», «Жібек жолы», «Алмалы», «Байқоңыр», «М.Әуезов атындағы театр», «Алатау», «Сайран», «Мәскеу». Әр станса өз атауына сай ұлттық һәм модерн нақышында әдемі безендірілген.

Мұнда қарбалас таңертең және кешкі мезгілдерде басталады. Стансалардың күндік жолаушылар өткізу мүмкіндігі қазіргі таңда 50 мың адамға жетті.

Қала әкімдігі алдағы жылдары Алматы метро станциялардың санын 24-ке жеткізіп, жалпы қашықтығын 45 шақырымға дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Оның дәл қазіргі уақыттағы ұзындығы – 11,5 шақырым. Алматы метрополитенін салу жұмыстарына «Herrenknecht AG» неміс компаниясының «Herrenknecht S-320» жоғары өндірісті тоннель қазушы кешені пайдаланылған. Нысан Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда екінші және ТМД-дағы 16 метрополитен саналады.


Пайдалануға берілгелі бері метро бірталай халықаралық марапаттарға да ие болып үлгеріпті. Атап айтқанда, ол Израильде өткен әлемдік метрополитендер қауымдастығының форумында халықаралық стандарттарға сай деп танылды. Сондай-ақ Лондонда ESQR сапа белгісімен, «Gold category» бірінші санат бойынша сапаны бағалау еуропалық ұйымдарының марапатын алды. The Coolist басылымы Алматы метросын әлемдегі ең әдемі ондыққа енгізді.

Құрылысы Кеңес Одағы тұсында басталып, Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана аяқталған Алматы метросында 9 станса жұмыс істеп тұр. Олар: «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Байқоңыр», «М.Әуезов театры», «Алатау», «Сайран», «Мәскеу».

Алматы метрополитенінің басшысы Ербол Әбілдиновтің айтуынша, метрода жолаушылар ағыны күн санап өсіп келеді.

«Метрополитеннің келесі бағыттарын, батысқа және солтүстікке қаланың басқа бөліктерін қамти отырып қосу жолаушылар ағынының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір тұрғындарда метроға деген сұраныс үлкен. Ең бастысы, олар метроның артықшылығын сезініп келеді. Оның үстіне біз үнемі дамитын кәсіпорын болғандықтан, болашағымыз жарқын деп ойлаймын. Жалпы, біз 2000-нан астам адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Келесі жылы «Қалқаман», «Сарыарқа» бекеттерін пайдалануға беру жоспарымызда бар», – дейді ол.

Алматы метросының станцияларында түрлі мәдени шаралар, сурет көрмелері жиі өткізіліп тұрады.

Мақала дайындау барысында кореялық туристермен кездесудің сәті түсті. Олар Алматы метросының сұлулығына тамсанып, стансалардың безендірілуіне, дизайнерлік шешімдер мен жоғарғы талғамға сай жасалған көркемдік жұмыстарына таңданыстарын жасырмады.

Авторы: Айнұр Сенбаева, фото: Жайнар Дәркембаев

Құм үстіне қонған бақ

$
0
0

Дүниедегі ең үлкен гүлбақша, БАӘ, Дубай

Парсы шығанағы елдерінде адам баласының қолымен тұрғызылған ғимараттардың табиғатпен арадағы байланысы жойылып барады. Фототілші Роджер Грасас жазық жерде салынған жасанды дүниелерге назар аударумен болды.

Жаяу жүргіншілер жолағында жапсырылған машина суреті, Манама, Бахрейн

Алып сауда орталықтары мен көк тіреген қонақүйлер Дубай, Абу-Даби сияқты қалалардың көкжиегін қайта сызды. Ыстық шөлде қардан түзілген шаңғы беткейлер де, жайқалған гүл бақшалар да бар.

«Олар табиғатты жасанды дүниелермен алмастырып жатыр», – дейді испаниялық фотограф Руже Грасас. Ол «Мин Тураб», яғни «Жер шарынан» деп аталатын жобасын Парсы шығанағындағы мұнай өндірісі арқасында дамудың даңғыл жолына түскен аталмыш елге ұсынды.

«Дубай, Доха және Абу-Даби сынды шаһарлар өткеннен бас тартып, жаңашылдыққа бет бұрған, – дейді Грасас, – бұл қалалар мұнай өндіруге көшкенге дейін кедей болатын. Қазір олар әр салаға тың серпін беруде».

Жасанды пальма, Дурума

Біріккен Араб Әмірлігі университетінің бұрынғы профессоры Ясир Ешшештавидің тарихпен де, өткен күндермен де еш байланысы жоқ дамуды «дубайизация» деп атайды. Оның ойынша, бос жерлердің зәулім ғимараттармен толтырылуы теңсіздік пен бөлінушілікке жол беріп, көршілермен қарым-қатынаста сызат түсіруі мүмкін. Әйтсе де, ел игілігі үшін жасалған істің орны қашан да ерекше болып қала бермек.

Теңіз өнімдері мейрамханасы, Дамам

Авторы: Нина Строчлик

Көзтартар

$
0
0

Астананың 20 жылдығына орай өткізілген фестиваль көшпенділер мәдениетін бойына сіңіріп өскен 7 елдің жаужүрек сарбаздары мен мергендерін, палуандары мен өнерпаздарын жинады. Шараға жиналған дүйім жұрт түрлі қойылым мен дәстүрлі ойындарға куә болды.

Ресей бүккен қазына

$
0
0

Чукот теңізіндегі Врангель аралында бұғы мүйіздерінің арасынан көлбеңдеген арктикалық түлкішек күн сәулесіне қыздырынып тұр. «Врангель» – Ресейдегі қатаң қорғалатын 105 қорықтың бірі. Онда адамдардың кіріп-шығуы жіті қадағаланады.

Ресейде бұрын-соңды адам аяғы баспаған 34,6 миллион гектар жер.

Ресейдің тұмса табиғатты қаз қалпында сақтауының сыры ол жерлерге адам жолатпауында болып отыр.

Ресейдің табиғатты қорғау ұстанымы адамдарды тұмса табиғаттан ғасырлар бойы аулақ ұстаумен шектелген. Олардың кейбіреулері тым шалғайда орналасқаны соншалық, ол жаққа аяқ басқан адам саны бірен-саран.

Дулисмар өзені Путорана қорығына таяғанда қата бастайды. Ол солтүстік ормандардан мұзды шөлдерге дейін созылып жатыр.

1917 жылы Ресейдің соңғы патшасы Николай II тақтан қуылардан бірнеше ай бұрын Сібірдегі Байкал көлі маңынан елдегі алғашқы «қатаң табиғи қорықты» ашқан. Көп ұзамай большевиктер оған өлім жазасын кеседі. Николай II өзі ашқан қорықтың арқасында баргузин бұлғынын сақтап қалғанын біле алмай кетті. Патша отбасында терісі жоғары бағаланатын бұл жануарды «жұмсақ алтын» деп атаған.

Григорий Кожевников секілді табиғат жанашырлары тұмса табиғаттың кіршіксіз зертханалары ретінде Ресейдің жаңа қорықтарынан адамдарды аулақ ұстауға тырысып бақты. Ол: «Ештеңені қозғаудың, қосудың немесе жетілдірудің қажеті жоқ. Табиғатты өз бетімен қалдырып, жай ғана бақылау керек», – деп өз уәжін білдірген.

Камчатка түбегінде орналасқан Ключев ұлттық саябағындағы Плоский Толбачик жанартауының қарлы шыңында лавалар ағыны түйіседі.

Бүгінде Ресейде 70,3 миллион гектар федералды қорғалатын жер телімі сақталып қалды. 105 қорықтың үлесінде Табиғатты қорғау халықаралық ұйымының «Ia» категориясына кіретін, халықаралық талаптарына сай келетін 34,6 миллион гектар жер бар. Қорықта адамдардың жүріп-тұруы шектеліп, жіті бақылауға алынған.

Ортадағы саңылаудан жоғары көтерілетін көл суы балдырға боялған қар мен Лама көліндегі мұздың бетінде жарқырайды. «Осынау адам аяғы жете бермейтін аймаққа көктем келгенде су нағыз суретшіге айналады», – дейді Сергей Горшков. Бедерленген аймақтың ұзындығы шамамен – 9 метр.

Сергей Горшков осынау жабайы табиғатты жиырма жыл бойы суретке түсіріп келген. Ол сирек кездесетін жанартау атқылауын, адамзатқа белгісіз жануарлар әлемін, адам аяғы баспаған Арктикалық су жолдарының маусымдық еруін суретке түсіріп отырған. Оның жұмыстарынан біз табиғаттың өз бетімен қалғандағы әдемі келбетін көреміз.

Путорана қорығындағы Кандин сарқырамасы Путорана таулы қыратының төменгі шатқалына қарай 208 метр биіктіктен құлай ағып жатыр. Еуразия бұланы, қасқыр, құну, алып мүйізді путорана қойы, қоңыр аюмен қоса, солтүстік бұғысының қоныс аудару жолдары қорықтың ортасын кесіп өтеді.

Ресейдің Арктикалық ұлттық саябағындағы Франц-Йосиф архипелагі үстінде аспан түнеріп тұр.

Авторы: Ив Конант, фото: Сергей Горшков


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.


Марс пейзажы

$
0
0

Мұндай жерді шығыс Қазақстандағы Қиынкеріш аңғарынан көруге болады. Аудан орталығы Күршімді өзен паромы жағынан кесіп өткен соң алдыдан ұшы қиыры жоқ жазық басталады. Сонымен 80 шақырымдай жол жүріп, Марқакөл таулары мұнартқан шығысқа бет алғанда, көк жүзіндегі күн сәулесімен жарқ-жұрқ етіп, алқызыл алауға малынған адыр менмұндалайды. Жақындай келіп байқаған жанға ол өзіміз теледидардан көріп жүрген Шарын шатқалынан аумайды. Иә, оны құдды сол массив – шұраттың кішірейтілген макет, үлгісі дерсіз,тіпті.

– Қиынкеріш аңғары, міне, осы, − деді бізді мұнда бастап келген Күршім аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақытхан Өлмесеков. − Бұл жердің ертеректегі атауы Шарықсай екен. Кейін жыл мезгілдеріндегі лайсаңнан азап шеккен жұрт оны Қиынкеріш деп кетіпті. Мәселе, мұндағы, яғни, беткейдегі құм араласқан қызылқоңыр қиыршықтарда емес. Гәп сайдағы төбелер етегін жиектеп өтетін соқпақтардағы жаңбыр жауса бітті, миы езіліп шыға келетін ақ топырақты бұралаң жолдарда. Осы маңдағы аттылы, арбалы ауыл тұрғындары көктем, күз келсе-ақ, сондағы желімдей жабысқан батпақ пен балшықтан берекесі кетіп, зәразап болады да жатады. Сондықтан да ел арлы-берлі жүрген кездегі әуре-сарсаңы мол бұл аймақты Қиынкеріш атап кеткен.

Осы сөздерді айтқан жолбасшымыз өзіміз әңгіме арқауына айналдырған жерге жете бергенімізде: «Аңғардың жалпы көрінісін мына шоқыдан қараңыздар», − деп шығыс жақтағы дөңге алып шықты. Міне, ғажап! Көз алдымызда қып-қызыл құм, қоңыркүрең тас қиыршықтарына толы өзгеше бір әлем жатыр. Олардың арасындағы ақ, сары, сұр, керіш топырақты адырларда нендей белгі, мүсін жоқ дейсіз!.. Ескі қорған бейнесіндегі жақпартастар, пирамида мен қарауыл мұнараларын көзге елестетіп төбелер, жантайып жатқан дулығалы батыр кейпіндегі белдер мен саңырауқұлақ секілді секітастар…, бәрі-бәрі бар. Олар адам қолымен емес, өкпек жел, долы дауыл, ақ жаңбыр мүжіген табиғат күші арқылы жасалған туындылар.

Бірте-бірте байқадық, Қиынкеріш кереметі мұнымен бітпейді екен. Табиғат салған жоғарыдағы суреттер біз көрген ғажайыптардың басы ғана сияқты. Олай дейтініміз, таңданыс тудыратын келесі бір нәрсе ол бұл өңірдің күн батардағы ешбір жерде жоқ қайталанбас көрінісі дер едік. Оны біз мына жағдайдан байқадық. Күн көкжиекке қарай еңкейгенде оның алтын шапақ сәулелері қызыл, сары, ақ тасты төбелерді жалт-жұлт еткен ұшқындармен орады да тастады. Осының әсерінен біз бақылап тұрған ойпат пен беткейдегі құмды керіш топырақтар қызылкүрең түске енді де алдымыздағы адырлар алаулаған отты әлемге айналды да кетті. Жалындап тұрған бұл жерге кешқұрым уақытта аспаннан жұлдыздар жауып, көкке қайта ұшып бара жатқандай да әсер қалдырады. Бір сөзбен айтқанда мұндағы жер де, төңірек пен кеңістік те жосаға боялғандай қызылқоңыр болып тұрды да қойды. Осы көрінісінде ол Марс планетасы, ондағы соған ғана тән ғаламшарлық қызылкүлгін рельеф фонынан еш аумайды-ау, аумайды! Тоқ етерін айтқанда, фантастикалық құбылысқа бөленіп тұрған бұл жерді аралай бастаған сәтте өзіңді бейнебір басқа әлемге кіріп кеткендей сезінетінің анық. Немесе түс көріп, ертегілер елінде жүргендей боласың.

«Бұл не? Қиынкеріштегі табанымыз тиіп тұрған мына топырақ қыртыстары қандай қоспалардан құралған? Ол күн сәулесі көлбеу түскенде неліктен түрлі түске енеді? Мұнда келіп, табиғаттың өзіміз сөз етіп отырған осы тылсым, түсініксіз жағдайын көрген, оған куәгер болған ғылым өкілдері бар ма? Бар болса олар жоғарыдағыдай құбылысқа нендей уәж айтады?»

− Өскемендегі өлкетану музейінде, − деді жоғарыдағы сұрақтарымызға бізбен бірге еріп жүрген жігіттердің бірі, жазушы Нұржан Қуантай, – Қиынкеріш аңғарына арналған стенд бар. Сондағы биология ғылымдарының докторы Виктор Ерофеевтің деректеріне қарағанда, бұл аймақ миллиондаған жылдар бұрын осындағы теңіздер мен көлдер түбінде жатқан. Ондағы айдын шалқар сулар уақыт өте келе тартылып, сазды, батпақты, одан құрғақ өңірге айнала бастағанда, түрлі минералдық қоспадан тұратын шөгінді жыныстар бірте-бірте Зайсан Қазаншұңқыры деп аталатын жер қыртыстарының неше түрлі қабаттарын құраған.  Геологтар бұл құбылыстың әсіресе, бор дәуірі деп аталған кезеңдегі сол массивке кіретін Қиынкеріште өте айқын байқалғанын ерекше атап айтқан. Бұл – бір. Екінші, өзіміз сөз етіп отырған сайдың топырағы неге күйген құм секілді қызылкүрең дегенге келсек, ғалым Юрий Зинченко оған мынадай болжам айтады. Бағзы заманда бұл жерде кішігірім жанартау атқылаған. Соның салдарынан мұндағы тас пен топырақ отқа оранып, қып-қызыл кейіпке енген. Сөйтіп, ол табиғат стихиясы Қиынкеріштің қазіргі Марс планетасының пейзажына ұқсас бет-бейнесін жасап кеткен.

Әңгіме иесінің осы сөздерін тыңдай отырып, төмендегі сайға қарай бет алдық. Ойымыз – құм төбешіктердегі өсімдік түрлерін көру және жарқабақтардағы жер қыртыстарын байқау. Осылармен танысып жүріп, өзіндік ерекшелікке ие екі-үш нәрсені байқап қалғандай да болдық. Оның алғашқысы көктемгі қар суы орып кеткен жыралардың ішіндегі ақсүйек боп жатқан әртүрлі омыртқалы жануарлардың қаңқалары. Одан кейін көзімізге түскені – аңғардағы тастарға жабыса қатып қалған түрлі ағаш жапырақтары. Сондай-ақ, осы арада өзіміз табанымызбен басып келе жатқан қызғылт құмның үстінде адам ізінің қалмайтындығын да айта кетейік. Бұған осы керіштің өзіне су сіңдірмейтін ерекшелігін, қоналқалық шатыр үшін қағылған қазықтың 5 сантиметрден кейін-ақ дыңылдап тастай қатып қалатын қасиетін қосайық.

Әрине, мұның бәріне сол сәтте, яғни аңғарды аралап жүргенде жауап таба алмағанымыз анық. Ертесінде Өскеменге келген соң осындағы тарихи− өлкетану музейіндегі мамандармен пікір алысқанымызда олар төмендегідей ғылыми пайымдаулардан хабардар етті. Көлемі 300 гектар жерді қамтитын Қиынкеріш аумағы геолог Виктор Филипповтың зерттеуіне қарағанда ежелгі заман өсімдіктерінің 5 флоралық және омыртқалылардың 4 фауналық қабатынан тұрады екен. Сай ішіндегі біз көрген тасқа жабысып қатып қалған жапырақ іздері мен белгісіз омыртқалы жануарлар сүйектері сол палеонтологиялық және геоморфологиялық табиғат ескерткішінің белгісі болып шықты. Ал құмды керіштің Марс планетасы рельефіне ұқсас қызылкүлгін түсі мен басқа да ерекшеліктеріне келсек, оларға әзірге жауап жоқ. Айтатын уәждері осы мақаламыздың басында келтірген есте жоқ ескі замандағы табиғат стихиясынан қалған өзгеріс ізі емес пе деген болжам.

Музей қызметкерлерімен кездесуіміздегі әңгіме соңында олардан мына жағдайды да естіп білдік. Кейінгі кезде шетел мен Ресейден Қиынкеріш аңғарын көріп, тамашалауға келетін адамдар қарасы көбейіпті. Әсіресе, көрші елдегі Мурманск, Нарьян Мар, Кемеров, Барнаул қалаларының тұрғындары толастамауда дейді олар. Солтүстік пен Тундра және Сібірдегі ұзақ қыстан мезі болып, мегаполис қалалардың еңсені басқан ауыр тірлігінен, шуылынан шаршаған жандар біз сөз еткен аңғардағы ашық аспан аясында шатырларын тігіп, апталап жатады екен. Осыдан екі жыл бұрын аталмыш өңірде Жапониядан келген саяхатшылар да 15 күн аялдап, Қиынкеріштің құпиясын білуге біраз әрекет жасапты. Ал Голландиядан ат арытып жеткен табиғат қорғау департаментінің натуралистері болса, қазақ жеріндегі келбеті сан құбылған осы бір аймақтың көрінісіне көздерін жұмып, ауыздарын аша таңдай қаққан. Және бұл таңданыстарын жасырмай, өз әсерлерін бас бармақпен бағалап та кеткен.

Ал біз… Иә, өзіміз болсақ, мұндай жерге бармақ түгілі, қайда екенін көп біле де бермейміз. Енжармыз. Құлықсызбыз. Еліміздегі ондай ғажайып, көркем, құпиясы мол жерге: «Бұл өзі осылай болған, себебі бізде ол осылай болуы тиіс», – деген тоқмейіл көзқараспен қараймыз да қоямыз. Өкінішті-ақ…

Авторы: Жанболат Аупбаев

Жер ананың айтары көп, бірақ тілі жоқ

$
0
0

Напа округіндегі жүзімдікті шарпыған өрт – 2017 жылы солтүстік Калифорния­да болған еді. Сол алқаптар бүгінде құрғақшылықтан тозып барады.

Жаһандық жылыну экологияның нашарлауынан болғандығын дәлелдейміз дегенше, ол одан да маңызды мәселеге айналуда.

Отыз жыл бұрын табиғи отынды жағу мен қалың орман өртінің кесірінен ауада жылуды ұстап қалатын қалдықтардың түзілетіні, оның климатқа қауіпті әсері жайлы жиі жазылатын.

Ғылымның есін жинап, мұны түсіну үшін бір ғасыр мен қабылдау-түйсігімізге үлкен өзгеріс қажет болды. Шындығында, 1896 жылы жаппай көмір жағудың қаншалықты жаһандық жылынуға сеп болатынын ең алғаш болжаған швед ғалымдарының бірі – Аррениус Сванте бұл құбылысты жақсылыққа балады.

Кейін баспасөз беттерінде жаһандық жылынуға қатысты мақалалар қаптады. Солардың ішіндегі ең елеулісі – 1956 жылы New York Times газетінде жария­ланған мақала болатын. Мақаланың соңында болжанғандай, ауаны таза күйінде сақтап тұруға болашақта қазба байлықтардың молдығы себеп болады деп көрсетілген екен. Көптеген елде көмір мен мұнай қоры мол, ал бағасы арзан. Олардан түсетін пайда барда екеуінің өндірісте қолданылуы доғарылмақ емес.

Көптеген фактор парникті газдың салдарын ортаға шығарғандықтан 1988 жылдың соңына таяу жаһандық жылынуға қатысты үкіметаралық кеңес құрылды. Проблема шешімінің жоспары содан бір жыл бұрын Монреаль протоколында оған мүше елдердің келісімімен жасалған болатын. Аталмыш хаттамада атмосфераның қорғаушы озон қабатын зақымдайтын кейбір синтетикалық заттардан арылудың жолдары көрсетілген.

Маусымның 23 жұлдызында Сенаттың бекітуімен бұл жоспар нақтыланды. Шолпандағы зерттеу жұмыстарын тоқтатып, Жердегі адам қолымен өзгерген атмосфераны зерттеуге бет бұрған климатолог Джеймс Э. Хансен сенімді түрде парникті газдың бар екенін әрі олардың климат өзгеруіне әсер етіп жатқанын баса айтты.

Торонтодағы Атмосфера өзгерісі туралы дүние­жүзілік конференциядан кейін сол айда климат өзгерісі ғылымына, оның әсері мен энергия түрін таңдауға қатысты журналистік қызығушылығым оянды. Кей дүниелердің өзгергені болмаса, негізгі проблемалар біз 1988 жылы журналистермен бірге анықтаған күйде қалып отыр.

Сол жылдың қазанында Discover журналының басты мақаласы болып жарияланған еңбегімде Маямиді сел басу қаупі бар екенін, қуатты дауылдардың потенциалдық күші, Қытайдың ауаға бөлетін зиянды газдың күрт артып кетуі, Калифорнияның қар жамылғысы мен одан шығатын су қорының азаюы секілді көптеген мәселе қозғалған болатын. Мақалада қазірде сақталып отырған климаттың жылыну болжамдарына қатысты жағымсыз екіұшты пікірлер де келтірілген. Мақала Гарвард университетінің сол кездегі профессоры Майкл Мак Элройдың мынадай сөздерімен аяқталған: «Дәл қазір қауіптің қарқынын баяулату ғана қолымыздан келеді. Қоғам мен экожүйемізге тиетін зардапты барынша азайтатын механизмдерді ойлап тапқанша уақыт тым ұзап кетпесе жақсы болар еді. Болмаса, осының бәріне көз жұма қарап, жақсылықтан үміттеніп, уақыты келгенде зардабын тартатын боламыз».

Осындай ескертулер сізге де таңсық емес шығар. Ғалымдар, қоршаған орта жанашырлары, саясаткерлер осындай тұжырымдарды бұған дейін де жасап келген. Олардың ескертпелері ластаушы газ мөлшерін азайта алмады.

Жаңғырмалы энергия технологиялары да жаңалықтан кенде емес. Күннен, желден қуат алатын жүйелерден бастап, ауа тұнық кезде, тіпті күн батқанда да жарықпен қамтамасыз ете алатын батареяларға қатысты технология­лар қарыштап даму үстінде. Алайда энергияға қажеттілікті толық қамтамасыз ету үшін әлемнің 85 пайызы әлі де қазба отынға тәуелді. Кедейлік азайған сайын қазба отынға деген сұраныс артып, оның түсімі тиімді энергия мен жаңғырмалы энергиядан түсетін пайдадан асып түскен. АҚШ пен Еуропаның көптеген елінде төмен көміртекті атом стансалары жұмысын тоқтатуға мәжбүр, себебі өткен апаттарға қарап, қоғам стансалардың талап етуде әрі жаңасын салудың құны өте жоғары болып тұр.

Адам кесірінен туындаған климаттың өзгеруін тежеуде нақты ұсыныстардың болмауын қалай түсіндіреміз? Біз басты айыптыларды атай аламыз ба? Түрлі теория мен идеяның жақтаушылары мен даттаушылары секілді, шын мәнінде, себеп аз емес. Солардың арасында – қарапайым зерттеудің жеткілікті қаржыландырылмауы (мен көбіне осы топқа қосылатынмын), өндірістің саясатқа әсері, БАҚ-тың бұл мәселені көп қозғамауы, қазба отынға инвес­тиция бөлушілердің күмәнмен қарауы немесе мемлекеттің араласуы… Солардың арасында «адамзаттың мінез-құлықтық ерекшеліктері мен жаһандық жылынуды түсініп, оған төтеп беруге кедергі жасайтын қоғамдық ережелер» деп суреттеген «қолайсыз санам» да бар.

Көптеген жыл бойы мен Агата Кристидің «Шығыс экспресстегі қылмыс» оқиғасындағыдай барлығы кінәлі деп ойлап келдім. Бірақ басқа да себептері бар екен. Мүмкін климаттың өзгеруі – дұрыс жолға қойылуы тиіс табиғи қателік емес, төніп келе жатқан қауіптің басы шығар. Бұл адамзат пен табиғат күшінің арақатынасын анықтауы да мүмкін. 2009 жылы жарық көрген «Ғаламшар ауқымындағы жыныстық жетілу» атты мақаламда біздің түріміздің жеткіншек шақтан ересек болғанға дейін ескертулерді ескерместен қарқынды өзге­рісте екендігін, қазба отынды тестостеронмен салыстырып осы түсінікпен жүріп көрдім.

Алайда жағдай одан бетер шиеленіскен болып шықты. Заңсыз көмірдің не өздері жинаған бұтақтардың үстінде ас пісіретін Кенияның қараңғы қайыршы аудандары мен Үндістан ауылдарында бұл тақырыпты түсіндірген сайын энергия мен климаттық қауіп-қатерлерге дәрменсіздік тақырыбына келгенде адамдарда «біз» деген ортақ ұғымның жоқтығына көз жеткіздім. Бай саналатын «біз» үнемді энергияға бет бұрып, жылыну мен сел секілді  тағы басқа апаттарға әкеп соғатын факторларды тежей аламыз. Бірақ адамзаттың көбі әлі күнге біздің қазба отынды жағудан алатын пайдамыз арқылы қалтасына түсетін экономикалық кіріске таласуда.

Көптеген ғалымның бірігіп жасаған зерттеуі жаға ұстатар нәтижелерді растайды. Жаһандық жылыну біз бұрын-соңды кездестірген табиғи проблемалардың ешқайсысына ұқсамайды. Біз оны тұман немесе озон қабаты мәселесін шешуге пайдаланған тәсілдермен немесе шектеулі заңнама, ереже не шектеулі технологиялық өзгерістермен реттей алмаймыз. Климаттың өзгеруі кеңістік, уақыт, көлем тұрғысынан тым үлкен. Оны туғызатын шығарындылар – Жер бетінде өсіп-өну үшін тіршілік ететін қазіргі 7,5 миллиард пен алдағы бірнеше он жылдықта саны 10 миллиардқа жететін адам әрекетінің ортақ нәтижесі.

Жерде болып жатқан құбылыстардың шынайы кескіні парникті газды адамзат әрекетінің өлшемдерімен бірге қарастырғанда ғана шығады. 2015 жылғы «Ұлы үдеме» атты ғылыми мақалада тропикалық ормандардың сиреуінен бастап, суды тұтыну, қағазды қайта өңдеуге қатысты мәліметтер бейнеленген ғаламдық графикалар панелінде қамтылды. Табиғаттың ластануы мен климаттың әсері ауқымдырақ жағдайдың симптомдары саналады: бұл – «антропоцен» деп аталатын адам мен Жердің әрекеттесуінің нәтижесі.

Рочестер университетінің астрофизигі Адам Франктың түрлі сценарийлер бойынша ғаламшар тағдыры туралы бірнеше талдауы бар. Оның математикалық модельдері қарапайым, үш ауқымды сценарийден тұрады. Мұны Франк өзінің «Жұлдыз­дар жарығы» атты жаңа кітабында баяндайды. Біріншісі – «жұмсақ қону» жағдайы. Мұнда өркениет пен ғаламшар ақырын ғана жаңа, орнықты күйге көшеді. Екіншісі – «сөну». Қоршаған орта әлсіреп, ауа ластана береді. Бірақ тіршілік жалғасады. «Технологиялық өркениет тұрғындарының шамамен 70 пайызын жоғалтады», – дейді Франк.

Соңғы үшінші жағдай – күйреу. «Тұрғындардың саны өсіп, планета «қатты ысып», жұрт түгел қырылып қалады, – дейді Франк, – біз, тіпті тұрғындар табиғатқа қатты залал келтіретін қазба отыннан бас тартып, залалсыз күн энергиясына ауысқаннан кейін күйреудің қашан орын алатынын да анықтап қойдық».

Франктың планетааралық көзқарасына сүйенсек, климаттағы тоқырау адамдар, тіпті бірнеше буын аса сабырлықпен ғұмыры бойы алысатын қатерлі ісік немесе кедейлікпен күрес секілді өте ауқымды проблема болып шығады. Перспективадағы өзгеріс үрей тудырады, бір жағынан, ол шектеулерден босатады: талабы мен табандылығы бар кез келген мұғалім немесе инженер, артист не инвестор, былайша айтқанда, кәдуілгі ғаламшарлық азамат әлемге өзгеріс алып келе алады.

Франк Жердің перспективаларын бағалап жүріп, Джеймс Хансеннің бастапқы нүктесі – аса ыстық «көршіміз» Шолпан ғаламшарын зерттеуі­­не оралды. Осы жылдың басында мен Франктан Жердің келешегі туралы сұрадым: Біз жарқ етіп ерте сөнген шоқ жұлдыздай боп қаламыз ба, әлде күннен қуат алатын LED шамдай болып жана береміз бе?

Ол ғаламшардағы кез келген дамыған ин­­дус­триал­­­дық өркениет биосфераға әсер етпей қоймайды деген ойда. «Мәселе – өркениеттің өзгерген биосфераның маңызды бөлігі ретінде қалай ауыса алуында, – дейді Франк. Адамдар қисапсыз жауапкершілікті мойнына алып, әрекет ете ала ма, осы маңызды».

Авторы: Эндрю Ревкин


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Көреген құстар

$
0
0

Ен салынған құстар жер сілкінісін болжай ала ма?

Ғалымдар жер сілкінісі туралы алдын ала хабар беретін жаңа жүйе бойынша бәс тігуде. Ол – титімдей жолдорба киген құстар.

Германиядағы Макс Планк атындағы орнитология институтының экологі әрі NG қоғамының мүшесі Мартин Уикельскийдің айтуынша, сондай кездері құстар тобының басқа жаққа ұшып кетуі де мүмкін. Ол Жер серігі арқылы «Ғарыштан жануарларды зерттеу жөніндегі халықаралық ынтымақтастық» (ICARUS) жобасын басқарады. Жоба бойынша он мыңдаған мақұлықтың жер сілкінісі алдындағы әдеттен тыс әрекеттерін бақылау үшін олардың кейбіріндегі дорбашаларына, тіпті «бас киімдеріне» электронды ен-құрылғылар орнатылады.

Дүниежүзілік еріктілер жүйесі жануарларға Уикельский «жабайы әлем киімі» деп атаған құрылғылармен ен сала бастады. Ол жануарлардың қозғалыстарын жазып, Халықаралық ғарыш станциясына жіберіп отырады. Ресей астронавтары ICARUS-тың мәлімет жинақтайтын жабдығын алдағы ғарышқа саяхаты барысында қолданысқа енгізбек. Нәтижесінде, Уикельский «қанатты интернет» тәріздес жүйе пайда болады деп үміттенеді.

Авторы: Линдсей Геллман


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Жұмбақ жер

$
0
0

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Бестерек елді мекені маңында ғажайып бір табиғат туындысы бар. Ауылдың солтүстігінен төрт-бес шақырым жердегі тау жоталарында орналасқан оны жергілікті жұрт Ақбауыр қуыстасы деп атайды. Кірер аузы бөктердегі жер деңгейінен 30-35 метр биіктеу тұрған ол үңгірден гөрі тау төсіне тігілген күрке немесе жаппаны көзге елестеткендей. Олай дейтін себебіміз, жалпы, пошымы киіз үйге ұқсас оның қабырғалары дөңгелене иілген кереге сияқты да, төбесінде ішке күн сәулесі еркін түсетін шаңырақтың орнындай ойық бар. Атап айтатын нәрсе, оның бәрі адам қолымен жасалған ба, жоқ әлде табиғаттың құдіретімен өмірге келген бе, бұл әлі күнге жұмбақ. Қалай дегенде де, бұған таңданбасқа, таңдана отырып ойланбасқа болмайды.

Ақбауыр үңгірінің тағы бір кереметі бар. Ол оның қабырғаларындағы есте жоқ, ескі замандарда салынған ұсақ-ұсақ пиктограмма суреттер. Адамдар мен таутекелердің, арбалар мен түрлі шеңберлердің және нүктелердің сұлбалары бейнеленген олардың саны 80-ге жетіп жығылады. Композициясы өте күрделі бұл таңбалардың айналасын ирек сызықтар мен айшық, трапеция, үшбұрыштар мен төртбұрыштар өрнектеп тұр. Әуесқойлар осылардың ішінен кез-келген белгіні қағаз бетіне түсіріп құраса, олардан теріс төңкерілген әлдебір тіршілік иелері мен жан-жануарлардың кескіні шығатынын да айта кеткен жөн. Мұның құпиясын петроглиф пен пиктограмманың ізіне түскен арнайы мамандар болмаса, былайғы бейсауат жандардың түйсініп, түсінуі өте қиын.

Арнайы мамандар демекші, үңгірді көргеннен кейін осы табиғат құпиясымен шұғылданып жүрген ғалымдар бар ма екен деп біраз ізденіс жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Сонда облыстық өлкетану музейінің қызметкерлері бізге археолог Зейнолла Самашев пен Ақбауыр кешенінің меңгерушісі Галина Петенованы атады. Зейнолла Самашев өз сөзінде: «Бұл табиғат сыйы – энеолит – қола дәуірінің ескерткіші. Ондағы пиктограммалар біздің заманымызға дейінгі 4-3 мыңжылдықтағы тіршіліктен хабар береді», − деген тұжырым айтса, Галина Петенова әңгімені әрі­ден бастауға ниетті екенін білдірді.

− Атақты саяхатшы Николай Рерихті кім білмейді дейсіз, − деп бастады сөзін өлкетанушы. − Міне, сол кісі 1929 жылы Моңғолия мен Тибетке бара жатқан сапарында Алтайға соғып, Мұзтау мен Ақбауырды көрген. Соңғысын, яғни біз сөз еткелі отырған жерді ашықаспан астындағы ғибадатхана деп атаған. Саяхатшының пайымдауынша мұнда мыңдаған жылдар бұрын ақылгөй абыздар өмір сүрген. Олар сол замандағы халықтардың тіршілігімен өмір сүріп, қоныстануына бағыт-бағдар беріп отырған. Осындай пайымдауларын айта келіп Николай Рерих: «Ақбауыр төңірегінде тасқа қашалған жазулар, жерлеу рәсімі салынған суреттер бар, – дейді. – Соларға қарап ойланғанда мұндағы өте ертеде өмір сүрген адамдар көз алдыңа елестейді. Жалпы, Алтай өңірі тарихта әлі терең зерттелмеген, көп ізденуді қажет ететін аймақ. Ол – жер жүзінің жауһары. Мұндағы асыл қазынаны бағалап, оның қадір-қасиетіне жете алсақ, соның өзі біздің адамзат өркениетінің ашылмаған аралдарын зерттеуге аз да болса үлес қоса алғанымыз».

Шынында да, Ақбауыр үңгірі мен оның етегіндегі әр тастан өте қызықты, адамды бір көргенде-ақ таң-тамаша қалдыратын бейнелер мен түрлі сурет, таңбаларды көруге болады. Бұлар жөнінде мұнда көптеген жорамал әңгімелер де бар. «Мәселен, сөз етіп отырған жайт туралы Санкт-Петербургтегі Эрмитаж қызметкері, мәдениеттанушы-ғалым Леонид Марсадолов Ақ­бауыр орналасқан пирамида тәрізді төбенің пошымы аспан кеңістігі тылсымына қарай үнсіз жетелейтін символдық бағдар болуы мүмкін десе, – дейді кешен меңгерушісі Галина Геннадьевна, − ал екінші бір ғылым өкілі Владимир Иконников бұл ғажап мекендегі жұмбақ белгілерді көк жүзіндегі жұлдыздардың сол энеолит за­манындағы картасы емес пе екен деген ой айтады. Үшінші зерттеуші Андрей Юрченков төбесі ойық, қабырғалары түрлі таңбаларға толы Ақбауырды бұл өте ерте замандағы аспан әлемін зерттеуге арналған обсерваторияның алғашқы нұсқаларының бірі дейді».

Енді сөз етіп отырған үңгіртастың төңірегіндегі жәдігерлерге келейік. Ақбауырдың өзінен сәл төменіректе амфитеатр тәрізді шағын алаң көзге шалынады. Мұндағы ерте заман адамдарының осында отырып, тізе бүгетін және абыздардың түрлі дәстүр-салтқа арналған тақ, баспалдақ, ошақтарының бәрі үлкенді-кішілі қалақтастардан құралып, жасалған. Жолбасшымыздың айтуына қарағанда, бұл арада түрлі діни рәсімдер өткізілетін болған. Ал сай табанына жақындау тұстағы шомбалтаста солтүстікті бетке алған бұғылар тобы бедерленген. Галина Геннадьевна мұны бізге: «Бұғы мен 12 айды білдіретін 12 маралдың батысты бетке алуынан атқан таңның бататын да сәті бар екенін, туғанның өлмегі де болатынын бейнелеген бабалар философиясын аңғарып, танимыз», – деп түсіндірді.

Осыдан кейін аңғардағы көлемі малшылардың кішігірім жаппа немесе күркесі секілді ақтасқа келдік. Оны ерекшелеп тұрған мынадай нәрселер дер едік. Біріншіден, ол алып тақтатастың үстінде тұр. Салмағы әлденеше тоннаға жететін бұл гранитті мұнда кім, қалай қойды, түсініксіз. Екіншіден, оның астында оларды біреу әдейі қашап немесе кертіп тұрып жасағандай әсер қалдыратын үш ойық көзге шалынады. Мұны құдды үлкен ошақтың үш бұты дерсіз. Үштаған пошымындағы осы тесіктерден боранды күндері ызыңдаған үн шығады екен. Қазіргі заман тілімен айтқанда, резонатор деп аталатын ол есте жоқ ескі дәуірде қалай жасалған және сол қадым ғасырдағы адамдарға не үшін керек болған, бұл енді біз үшін мүлде түсінбейтін, біліп болмайтын жұмбақ, құпия сыр.

– Өздеріңіз көріп, танысқан жердің: «Тағы қандай ерекшелігі бар?» – дегенде оған мына ғажайыптарды айтуға болады, – деді қайтарымызда жолбасшымыз. – Оның алғашқысы Ақбауыр аңғарының ғарыштан көрінетіндігі. Содан соң бұл сайда жағымды биоэнергиялық өрістің бар екендігі. Осы айтылған ерекшеліктердің екеуі де Ресей ғалымдарының тұжырымы. Бұларды олар космос құралдары арқылы біліп, анықтаған. Есте ұстайтын тағы бір жайт, Ақбауыр алқабы мен ондағы ежелгі ескерткіш іздері бар аумақ 63 гектар жерді қамтиды. Соңғы төрт жылдан бері соның 18 гектары қорғауға алынып, кешен мәртебесін алды. Онда туристерге арналған соқпақ жол, үңгіртас пен өзге де жәдігерлер белгіленген көрсеткіш тақта жасалынған. Саяхатшылардың күн көзі мен жаңбырдан паналайтын ағаш үйшік, айбандары да ұмыт қалған жоқ. Қажетті-ау деген нәрселердің бәрі біртіндеп жүзеге асуда.

Осылай деген Галина Геннадьевна аталмыш тақырыпқа қатысты әттеген-айлардың да бар екенін айтып қалды. Ол біздің қоғамдағы экологиялық түсінік зерденің әлі де жөнді қалыптаспағандығы. Мәселенің мәнісі, тарихи және мәдени құндылықтардың бізге ғана емес, болашақ ұрпаққа да тиесілі екендігін естен шығарып алу. Сондықтан, археологиялық ескерткіштер бар жерді тапсақ болды, сол сәттен бастап оларды жабайылықпен пайдаланудың басталып кететіндігі. Оған бір ғана мысал келтірейік. Өзіміз сөз етіп отырған осы Ақбауырдан онша алыс емес жерде  Абылайкет атты қорған бар екен. Ол ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы жоңғар нояндары тұрған қамал деседі білетіндер.  Міне, бейсауат адамдар сондағы ғибадатхананы ғана емес, оның белгі, таңбаларын да аямаған. Алдымен олар бұл ежелгі ескерткіштің мемлекет тарапынан қорғалатындығы туралы жазған металл тақтасын ұрлап әкетіпті. Одан кейін сол тақта бекітілген темір бағанның да көзін құртқан. Қорғанды қиратып, тастарын мал қора салуға тасып әкеткен. Ал енді мына Ақбауырды соңғы жылдары елдің жаппай көріп тамашалауы, туристер легінің көбеюі қазір неге алып келе жатыр дейсіздер ғой. Тастағы таңбаларды қолмен сипап, оған тәу ету, орынды-орынсыз ұстай беруден көп белгілер өшіп, жоқ болуда. Жартастардағы осыдан бес-алты жыл бұрынғы бар суреттерді қазір іздесеңіз де таппайсыз. Таңбалар тек Ақбауыр үңгіртасының ішінде ғана сақталып қалған.

Осыны естігенде біздің ойымызға мына бір жайт оралды. Батыс Еуропада Фон де Гом, Монтеспам, Альтамира секілді әйгілі үңгірлерді ондағы кешен қызметкерлері металл тормен жауып қояды екен. Ақбауырды да дәл осындай етіп жасау керек сияқты. Ол үшін торды қорғауға алынған жер аумағын қоршаумен шектелмей, үңгірге кірер тұсқа да қою қажет. Ежелгі ескерткішті қорғаудың бұдан басқа жолы жоқ. Сол кезде туристер Ақбауырдың қабырғасындағы таңбаларға тиіспейтін болады. Еуропадағы секілді жазуды тордың жанына келіп, сырттан ішке үңіліп қана көре алады.

Шекарасыз футбол

$
0
0

2018 жылы Ресейде өткен футболдан Әлем чемпионатына ғаламшарымыздың түкпір-түкпірінен 32 команда қатысты. Әр құрамадағы ойыншылардың барлығы сол елдердің тумасы бола бермейді. Футболшылар қай елдің атынан өнер көрсететінін ең алдымен отбасылық жағдайына байланысты шешім қабылдайды. Дүниежүзіндегі ең көп тамашаланатын әлем біріншілігіне іріктеу барысында, 32 команданың 25-інде кемінде бір шетелдік ойыншы бар болып шықты.

Авторы: Райли Чампайн

Viewing all 1610 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>